Шымкент қаласында төртінші ауданды құру және қала аудандарының шекараларын белгілеу туралы

Жаңа

Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 7 қазандағы № 2143 бірлескен қаулысы және Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 7 қазандағы № 41/283-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 қазанда № 2836 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 3) тармақшасына сәйкес, Шымкент қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Шымкент қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Шымкент қаласында төртінші аудан құрылсын.
      2. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Шымкент қаласының Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және төртінші аудандарының шекаралары белгіленсін.
      3. Шымкент қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 495 және Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 33/214-5с «Шымкент қаласы аудандарының шекараларын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2595 тіркелген 2014 жылғы 11 сәуірде «Шымкент келбеті» газетінде жарияланған) бірлескен қаулысының және шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен қаулы және шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шымкент қаласы әкімі                       Д.Сатыбалды

      Қалалық мәслихат сессиясының төрағасы      Ғ.Ахметбаев

      Қалалық мәслихат хатшысы                   Н.Бекназаров 

Шымкент қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 7 қазандағы № 2143 және
Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылы
7 қазандағы № 41/283-5с бірлескен
қаулысына және шешіміне қосымша

Шымкент қаласы Абай ауданының шекарасы

      Абай ауданы Шымкент қаласының батыс бөлігінде орналасқан. Абай ауданының шығыс бөлігі Әл-Фараби ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі төртінші ауданмен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Төле би, Қазығұрт аудандарымен шектеседі. Батыс және солтүстік-батыс бөлігі Сайрам, Ордабасы аудандарымен шектеседі.
      Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі шекарасынан бастап, бұрынғы Ордабасы және Сайрам аудандарының шекарасында орналасқан сайдың солтүстік бөлігіндегі жиегімен оңтүстік-шығыс бағытта 1247 метр қашықтықта жүріп өтіп, оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, 114 метр қашықтықта сайдың ішіне түседі. Сайдың ішімен оңтүстік-шығыс бағытта 3164,5 метр жүріп өтіп, сайдың солтүстік бөлігіндегі жиегімен солтүстік-шығыс бағытта 1982 метр қашықтықта «Қайнар бұлақ» саяжай мекенінің оңтүстік-батыс шекарасына дейін жетеді. «Қайнар бұлақ» саяжай мекенінің оңтүстік-батыс шекарасы бойындағы саймен 1570 метр өтіп, оңтүстік-шығыс бағытта топырақ жолмен 770 метр аралықта «Солтүстік» саяжай мекені мен «Достық» мөлтек ауданын бөлетін жобадағы жолға жетеді. Осы жолдың бойымен оңтүстік-шығыс бағытта 4231,5 метр Шымкент қаласының қоқыс тастайтын алаңының жанындағы Алматы-Ташкент автожолына жетеді. Әрі қарай Алматы-Ташкент автожолымен оңтүстік-батыс бағытта 445 метр қашықтықта Қ.Төлеметов көшесіне дейін жетіп, оңтүстік-шығыс бағытта Қ.Төлеметов көшесінің осімен 4803,2 метр өтіп дендросаябаққа жетеді. Дендросаябақтың солтүстік-батыс шекарасымен 538 метр қашықтықта бойлап жылыжай кешеніне (бұрынғы лимонарий) жетеді. Жылыжай кешенінің (бұрынғы лимонарий) оңтүстік-батыс бөлігіндегі шекарасын бойлап 1214 метр өтіп, Қ.Қазиев көшесіне дейін жетеді. Қ.Қазиев көшесінің бойымен оңтүстік-батыс бағытта Мәделі қожа көшесіне жетеді. Мәделі қожа көшесінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытта Қ.Рысқұлбеков көшесіне дейін. Қ.Рысқұлбеков көшесінің осімен оңтүстік-батыс бағытта Ғ.Іляев көшесіне жетіп, әріде оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, Ғ.Іляев көшесінің осімен Б.Момышұлы көшесіне жетеді. Б.Момышұлы көшесінің ортасымен оңтүстік-шығыс бағытта Республика даңғылына дейін. Республика даңғылының ортасымен оңтүстік-батыс бағытта тунель арқылы өтіп, әрі қарай Ташкент автожолының осімен 2370 метр аралықта бақылау бекетіне жетеді. Әрі қарай осы бағытта Алматы-Ташкент автожолының батыс жағындағы,жолағымен 5200 метр. Одан әрі осы бағытта Алматы Ташкент автожолының шығыс жағындағы жолағының осімен 2304 метр қашықтықта «Ақтас» елді мекеніне дейін. «Ақтас» елді мекенінен бастап ескі Ташкент автожолымен оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, ескі автожолмен (Еңбекші, Рабат ауылдарының бағытына қарай) 13000 метр аралықта Шымкент қаласының шекарасына жетеді. Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекаралары қиылысқан жерден бастап солтүстік-батыс бағытта Төлеби ауданымен 14200 метр қашықтықта өтіп, Төлеби және Қазығұрт аудандары шекараларының қиылысқан тұсына жетеді. Осы бағытта Қазығұрт ауданының шекарасымен 10840 метр өтеді, Сайрам ауданының шекарасымен 14623 метр және Ордабасы ауданының шекарасын бойлап 35670 метр аралықта бастапқы нүктеге қосылады.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының шекарасы

      Әл-Фараби ауданы Шымкент қаласының орталық бөлігінде орналасқан. Шығыс бөлігі Еңбекші ауданымен шектеседі. Оңтүстік-шығыс және оңтүстік бөліктері Төлеби ауданымен шектеседі. Батыс бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Солтүстік бөлігі төртінші ауданмен шектеседі.
      Шымкент қаласының оңтүстік бөлігіндегі шекарасынан бастап, солтүстік-батыс бағытта ескі автожолмен (Еңбекші, Рабат ауылдарының бағытына қарай) 13000 метр өтіп, «Ақтас» елді мекеніндегі Алматы-Ташкент автожолына жетеді. Осы жердегі екі жолдың қиылысқан жерінен Ташкент-Алматы автожолының шығыс жағындағы жолағының осімен солтүстік-шығыс бағытқа қарай 2304 метр өтеді. Әрі қарай осы бағытта Ташкент-Алматы автожолының батыс бөлігіндегі жолағына ауысып жолдың осімен бақылау бекетіне дейін 5200 метр. Әрі қарай осы бағытта бақылау бекетінен автожолдың осімен туннельге дейін 2370 метр. Туннельден бастап, Республика даңғылының ортасымен солтүстік-шығыс бағытта Б.Момышұлы көшесіне жетеді. Республика даңғылы және Б.Момышұлы көшесінің қиылысқан жерінен бастап, Б.Момышұлы көшесінің ортасымен солтүстік-батыс бағытта Ғ.Иляев көшесіне дейін. Б.Момышұлы және Ғ.Иляев көшелерінің қиылысқан жерінен бастап, Ғ.Иляев көшесінің осімен Қ.Рысқұлбеков көшесіне дейін. Ғ.Иляев және Қ.Рысқұлбеков көшелерінің қиылысынан бастап, Қ.Рысқұлбеков көшесінің осімен солтүстік-шығыс бағытта Мәделі қожа көшесіне дейін. Қ.Рысқұлбеков және Мәделі қожа көшелерінің қиылысынан бастап, Мәделі қожа көшесінің осімен Қ.Қазиев көшесіне дейін. Мәделі қожа мен Қ.Қазиев көшелерінің қиылысынан бастап, Қ.Қазиев көшесінің осімен солтүстік-шығыс бағытта жылыжай кешеніне (бұрынғы лимонарий) жетеді. Жылыжай кешенінің (бұрынғы лимонарий) оңтүстік-батыс бөлігіндегі шекарасын бойлап, солтүстік-шығыс бағытта 1214 метр дендросаябақтың шекарасына дейін. Әрі қарай осы бағытта 538 метр қашықтықта дендросаябақтың солтүстік-батыс шекарасын бойлап Қ.Төлеметов көшесіне дейін жетіп, оңтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, көше осімен Сырым батыр көшесімен қиылысатын жеріне дейін жетеді. Қ.Төлеметов және Сырым батыр көшелерінің қиылысынан солтүстік-батыс бағытта Сырым батыр көшесінің осімен 1302 метр қашықтықта карьерге дейін жетіп, солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, «Ақжайық» мөлтек ауданындағы карьердің шекарасымен өтіп, ипподром және орман шаруашылығы шекараларымен 2182 метр қашықтықта Бәйдібек би көшесіне жетеді. Ипподром шекарасынан бастап, Бәйдібек би көшесінің осімен оңтүстік-батыс бағытта Ұ.Арғынбеков көшесіне дейін. Ұ.Арғынбеков көшесінің осімен оңтүстік-шығыс бағытта С.Бәйтереков көшесіне дейін. Ұ.Арғынбеков пен С.Бәйтереков көшелерінің қиылысынан С.Бәйтереков көшесінің осімен оңтүстік-батыс бағытта Т.Рысқұлов көшесі қиылысына дейін. Одан әрі Т.Рысқұлов және Ж.Адырбеков көшелерінің қиылысынан Ж.Адырбеков көшесінің осімен Төле би көшесіне дейін. Төле би көшесінің ортасымен оңтүстік-шығыс бағытта теміржолды кесіп өтіп, оңтүстік-батыс бағытқа бұрылады. Теміржолдың оңтүстік жағымен оңтүстік-батыс бағытта Баян батыр көшесіне дейін. Әрі қарай Баян батыр көшесімен оңтүстік-батыс бағытта Бадам өзеніне дейін. Бадам өзенін кесіп өтіп, Кенесары көшесінің осімен оңтүстік-шығыс бағытта 1500 метр қашықтықта К.Тұрсынбаев көшесіне жетеді. Кенесары мен К.Тұрсынбаев көшелерінің қиылысынан бастап, оңтүстік-батыс бағытта 430 метр ауыл арасындағы арыққа дейін. Әрі қарай жаңа құрылыс арасындағы көшемен оңтүстік-батыс бағытта 1184 метр қашықтықта орман жолағына дейін. Орман жолағы бойымен өтетін жолмен оңтүстік-батыс бағытта 1756 метр қашықтықта жер асты газ құбырына дейін. Жер асты газ құбырының бойымен оңтүстік-шығыс бағытта 3626 метр аралықта мұнай құбыры мен газ құбырының қиылысқан жеріне дейін. Солтүстік-шығыс бағытта жер асты газ құбырының жанындағы жолмен 1624 метр қашықтықта Текесу өзеніне дейін. Одан әрі Текесу өзенінің бойымен оңтүстік-шығыс бағытта 2500 метр қашықтықта Текесу ауылына кіре берістегі орналасқан шаруашылық ғимараттарының солтүстік бөлігіндегі егістікке дейін. Әрі қарай оңтүстік-шығыс бағытта 352 метр өтіп, одан әрі 896 метр топырақ жолмен, 806 метр орман жолағының бойындағы жолмен Шымкент қаласы мен Төлеби ауданының шекарасына жетеді. Төлеби ауданы мен Шымкент қаласының шекаралары қиылысқан жерден бастап, оңтүстік-батыс бағытта Төлеби ауданының шекарасымен шектесіп, 24940 метр қашықтықта Қазығұрт ауданының шекарасына жетеді. Оңтүстік-батыс бағытта Қазығұрт ауданының шекарасымен 52 метр аралықта өтіп, бастапқы нүктеге қосылады.

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының шекарасы

      Еңбекші ауданы Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстік-шығыс бөлігінде төртінші ауданмен, оңтүстік-шығыс бөлігі Төлеби ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс және батыс бөліктері Әл- Фараби ауданымен шектеседі.
      Шымкент қаласының оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Төлеби ауданы мен Әл-Фараби ауданының қиылысатын шекарасынан бастап, орман жолағының жанындағы жолмен солтүстік-батыс бағытта 806 метр, әрі қарай осы бағытта топырақ жолмен 896 метр, әрі қарай 352 метр Текесу өзеніне дейін жетеді. Текесу ауылына кіре берістегі орналасқан шаруашылық ғимараттарының солтүстік бөлігіндегі егістіктен бастап, Текесу өзенінің бойымен солтүстік-батыс бағытта 2500 метр қашықтықта газ құбырына дейін. Одан әрі жер асты газ құбырының жанындағы жолмен 1624 метр қашықтықта оңтүстік-батыс бағытындағы мұнай құбыры мен газ құбырының қиылысқан жеріне дейін жетеді. Жер асты газ құбырының бойымен солтүстік-батыс бағытта 3626 метр аралықта жер асты газ құбырының бойымен орман жолағы бойының жанындағы жолға дейін. Әрі қарай орман жолағы бойының шығыс жағындағы жолмен солтүстік-батыс бағытта 1756 метр қашықтықта жаңа құрылысқа дейін жетіп, солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, жаңақұрылыс арасындағы көшемен 1184 метр қашықтықта елді мекен арасындағы арыққа дейін жетеді. Осы арықтан К.Тұрсынбаев көшесімен солтүстік-батыс бағытта Кенесары көшесіне дейін жетеді. К.Тұрсынбаев және Кенесары көшелерінің қиылысынан солтүстік-батыс бағытта Кенесары көшесінің осімен Баян батыр көшесіне қарай, Бадам өзенін кесіп өтіп, әрі қарай Баян батыр көшесінің осімен солтүстік-шығыс бағытта магистралды теміржолға дейін. Теміржолдың оңтүстік-шығыс жағы бойымен солтүстік-шығыс бағытта Қапал батыр көшесіне дейін. Теміржол үстіндегі көпірден өтіп, солтүстік-батыс бағытта Төле би көшесінің ортасымен жүре отырып, Ж.Адырбеков көшесінің қиылысына дейін. Төле би және Ж.Адырбеков көшелерінің қиылысынан солтүстік-шығыс бағытта Ж.Адырбеков көшесінің осімен Т.Рысқұлов көшесінің қиылысына дейін. Әрі қарай осы бағытта С.Бәйтереков көшесінің осімен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысына дейін. Ұ.Арғынбеков және С.Бәйтереков көшелерінің қиылысынан бастап, Ұ.Арғынбеков көшесінің ортасымен оңтүстік-шығыс бағытта Жібек жолы даңғылына дейін. Ұ.Арғынбеков көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысынан бастап, Жібек жолы даңғылының осімен солтүстік-шығыс бағытта 1450 метр аралықта көшеге («Сайрам» елді мекеніне өтетін көше) дейін жетіп, оңтүстік-шығыс бағытына қарай бұрылып, темір жолына дейін. Теміржол бойының оңтүстік жағымен («Азат» мөлтек ауданы арқылы) оңтүстік-батыс бағытта № 1-ші автожолындағы теміржол үстіндегі көпірге дейін. Теміржолдың үстіндегі көпірден бастап, № 1-ші автожолы ортасымен оңтүстік-шығыс бағытқа 7525 метр қашықтықта бұрынғы фосфор зауыты тұсына дейін жетіп, солтүстік бағытта Сайрамсу өзеніне түседі. Сайрамсу өзенімен солтүстік-шығыс бағытта («Сайрам», «Базарқақпа», «Шапырашты» елді мекендері арқылы) Шымкент қаласы мен Төлеби ауданының шекарасына дейін. Төлеби ауданының шекарасымен оңтүстік-батыс бағытта 54186 метр аралықта өтіп, бастапқы нүктеге қосылады.

Шымкент қаласы төртінші ауданының шекарасы

      Шымкент қаласының төртінші ауданы Шымкент қаласының солтүстік бөлігінде орналасқан. Солтүстік және солтүстік-шығыс бөліктері Сайрам ауданымен шектеседі. Шығыс бөлігі Төлеби ауданымен шектеседі. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс бөліктері Еңбекші ауданымен шектеседі. Оңтүстік бөлігі Әл- Фараби ауданымен шектеседі. Оңтүстік-батыс бөлігі Абай ауданымен шектеседі. Батыс бөлігі Ордабасы ауданымен шектеседі.
      Шымкент қаласының солтүстік-батыс бөлігіндегі шекарасынан бастап, бұрынғы Ордабасы ауданы мен Сайрам ауданының шекарасында орналасқан сайдың солтүстік бөлігіндегі жиегімен оңтүстік-шығыс бағытымен 1247 метр жүріп өтіп, оңтүстік-батыс бағытқа бұрылып, 114 метр қашықтықта сайдың ішіне түседі. Сайдың ішімен оңтүстік-шығыс бағытта 3164,5 метр жүріп өтіп, сайдың солтүстік бөлігіндегі жиегімен солтүстік-шығыс бағытта 1982 метр қашықтықта «Қайнар бұлақ» саяжай мекенінің оңтүстік-батыс шекарасына дейін жетеді. «Қайнар бұлақ» саяжай мекенінің оңтүстік-батыс шекарасы бойындағы саймен 1570 метр өтіп, оңтүстік-шығыс бағытта топырақ жолмен 770 метр аралықта «Солтүстік» саяжай мекені мен «Достық» мөлтек аудандарын бөлетін жобадағы жолға жетеді. Осы жолдың бойымен оңтүстік-шығыс бағытта 4231,5 метр Шымкент қаласының қоқыс тастайтын алаңының жанындағы Алматы-Ташкент автожолына жетеді. Алматы-Ташкент авто жолымен оңтүстік-батыс бағытына қарай 445 метр қашықтықта Қ.Төлеметов көшесіне дейін жетіп, оңтүстік-шығыс бағытта Қ.Төлеметов көшесімен 5235 метр өтіп, Сырым батыр көшесіне дейін. Сырым батыр көшесінің осімен солтүстік-батыс бағытта 1302 метрде карьерге дейін жетіп, солтүстік-шығыс бағытқа бұрылып, «Ақжайық» мөлтек ауданындағы карьердің шекарасымен өтіп ипподром және орман шаруашылығы шекараларымен 2182 метр қашықтықта Бәйдібек би көшесіне дейін. Ипподром шекарасынан бастап, Бәйдібек би көшесінің осімен оңтүстік-батыс бағытта Ұ.Арғынбеков көшесіне дейін. Ұ.Арғынбеков және Бәйдібек би көшелерінің қиылысынан бастап, Ұ.Арғынбеков көшесінің ортасымен оңтүстік-шығыс бағытта Жібек жолы даңғылына дейін. Ұ.Арғынбеков көшесі мен Жібек жолы даңғылының қиылысынан бастап, Жібек жолы даңғылының осімен солтүстік-шығыс бағытта 1450 метр аралықта көшеге («Сайрам» елді мекеніне өтетін көше) дейін жетіп, оңтүстік-шығыс бағытқа қарай бұрылып, теміржолға дейін. Теміржол бойының оңтүстік жағымен («Азат» мөлтек ауданы арқылы) оңтүстік-батыс бағытта №1-ші автожолындағы теміржол үстіндегі көпірге дейін. Теміржолдың үстіндегі көпірден бастап, № 1-ші автожолы ортасымен оңтүстік-шығыс бағытқа 7525 метр қашықтықта бұрынғы фосфор зауыты тұсына дейін жетіп, солтүстік бағытта Сайрамсу өзеніне түседі. Сайрамсу өзенімен солтүстік-шығыс бағытта («Сайрам», «Базарқақпа», «Шапырашты» елді мекендері арқылы) Шымкент қаласы мен Төлеби ауданының шекарасына дейін. Төлеби ауданымен шектесіп, Сайрамсу өзенімен оңтүстік-шығыс бағытта 785 метр қашықтықта солтүстік-шығысқа бұрылады. Осы бағытта 1102 метр қашықтықта Сайрам ауданының шекарасына жетеді. Сайрам және Төлеби аудандарының шекарасының қиылысындағы Теріс арығынан бастап, солтүстік-батыс бағытта 33645 метр қашықтықта Алматы-Ташкент автожолына жетеді. Әрі қарай осы бағытта Батыс Европа-Батыс Қытай автожолының оңтүстік жағымен Сайрам ауданымен шектесіп, 16212 метр қашықтықта Таскесу арығына дейін. Осы тұстан бастап, оңтүстік-батыс бағытта 7953 метр Ордабасы ауданының шекарасына жетеді.
      Осы бағытта Ордабасы ауданының шекарасын бойлап, 4219 метр аралықта өтіп, бастапқы нүктеге қосылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады