Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қалалық мәслихатының 2014 жылғы 20 наурыздағы № 33/220-5с шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірде № 2612 болып тіркелді. Күші жойылды -Шымкент қалалық мәслихатының 2018 жылғы 13 шілдедегі № 34/273-6с шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды – Шымкент қалалық мәслихатының 13.07.2018 № 34/273-6с (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешiмiмен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл-желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шымкент қалалық мәслихатының 2007 жылғы 24 шілдедегі № 41/413-3с "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14-1-59 тіркелген, 2007 жылғы 3 тамызда "Шымкент келбеті" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      1 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды Шымкент қаласында өткізу орны мекен жай бойынша: Шымкент қаласы Абай саябағынының және "Асбестоцемент комбинаты" акционерлік қоғамының алдындағы аланшалар болып белгіленсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы Д.Үсенов
      Қалалық мәслихат хатшысы Н.Бекназаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады