Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 27 маусымдағы № 258 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 шілдеде № 2737 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-3-1/9025 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 29.12.2014 № 01-3-1/9025 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 3 наурыздағы № 170 қаулысына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 «Қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2559-нөмірмен тіркелген, 2014 жылғы 15 наурызында «Кентау шұғыласы» газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      қаулының 2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Кентау қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          Қ.Қожағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады