2014 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есебінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 ақпандағы № 72 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 наурызда № 2559 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 01-3-1/9025 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласы әкімдігінің 29.12.2014 № 01-3-1/9025 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 7 тармағына сәйкес, Кентау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
      2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы  Кентау қаласы әкімдігінің 27.06.2014 № 258 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Бектаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кентау қаласының әкімі                     Ә.Мақұлбаев

Кентау қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 25 ақпандағы
№ 72 қаулысымен бекітілген

2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және олардың қаржыландырудың көздері

Жұмыс берушінің атауы

Қоғамдық жұмыстардың түрлері

Қоғамдық жұмыстардың көлемі

Қоғамдық жұмыстарға қатысушылар саны

Қаржыландыру көздері

1

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көркейту және санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау
 
 
 

432000 м2

590

Жергілікті бюджет
 
 

2

Кентау қаласы әкімдігінің «Байылдыр ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Көгалдандыру, көркейту және санитарлық- тазалық жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау

156000 м2

40

Жергілікті бюджет

3

Кентау қаласы әкімдігінің «Ащысай ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.

4920 м2

45

Жергілікті бюджет

4

Кентау қаласы әкімдігінің «Хантағы ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі
 
 
 
 

Жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, көгалдандыру, көркейту және санитарлық – тазалық жұмыстарын жүргізу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.

5411 м2

40

Жергілікті бюджет

5

Кентау қаласы әкімдігінің «Қарнақ ауыл әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Ауыл аумақтарын жинау, қоқыстарын тазалау. Ағаш отырғызу, оны күту, әктеу, негізгі еңбек индикаторларын анықтау.

162000 м2

40

Жергілікті бюджет

6

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

24000 сағат

25

Жергілікті бюджет

7

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі Істер Департаментінің «Кентау қаласының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Қоғамдық тәртіпті сақтауға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету, учаскелік полиция инспекторларының жұмыстарына, бұрын соттылығы бар және шартты түрде босатылған тұлғаларға, Кентау қалалық қылмыстық атқару инспекциясының есебінде тұрған, пробациялық бақылау қойылған шартты сотталғандарға қатысты жеке басын және өмір сүру жағдайын зерттеудің нәтижесінде әлеуметтік карта түзуге көмектесу.

38 400 сағат

40

Жергілікті бюджет

8

«Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Салық комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Салық Департаментінің «Кентау қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

19200 сағат

20

Жергілікті бюджет

9

Кентау қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекеме

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруда жастармен жұмыс жүргізуге, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға, халық арасында әлеуметтік сауалнама жүргізуде, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

11520 сағат

12

Жергілікті бюджет

10

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды, қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруда жастармен жұмыс жүргізуге көмек көрсету.

9600 сағат

10

Жергілікті бюджет

11

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

9600 сағат

10

Жергілікті бюджет

12

Кентау қаласы әкімдігінің «Ш.Қалдаяқов атындағы мәдениет сарайы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны

Көгалдандыру, көркейту және санитарлық-тазалық жұмыстарын жүргізу, қоғамдық іс-шараларға дайындық жұмыстарды, әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруда көмек көрсету.

14400 сағат

15

Жергілікті бюджет

13

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету.

4800 сағат

5

Жергілікті бюджет

14

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық сәулет және қала құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тұрғын үйлерді түгендеу және мекенжай анықтау жұмыстарына, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

5760 сағат

6

Жергілікті бюджет

15

Кентау қаласы әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Кентау қаласы жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

5760 сағат

6

Жергілікті бюджет

16

Кентау қаласы ««Кентау», «Кентау шұғыласы» қалалық газеттердің редакциясы» жауапкершілігі шектелген серіктестік

Әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмектесу.

3840 сағат

4

Жергілікті бюджет

17

Кентау қаласы әкімдігінің «Қалалық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

3840 сағат

4

Жергілікті бюджет

18

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда тоқсан сайын ауыл шаруашылығы жануарларының санын нақтылауға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

3840 сағат

4

Жергілікті бюджет

19

Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті «Кентау қаласының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі

Жыл бойы әлеуметтік маңызы да жұмыстарды ұйымдастыруға, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету.

9600 сағат

10

Жергілікті бюджет

20

Кентау қаласы әкімдігі «Кентау қаласы тұрғын үй инспекциясы» мемлекеттік мекемесі

Қаладағы көп қабатты тұрғын үйлерді кондоминиум объектілеріне тіркеу үшін түсіндірме жұмыстарын жүргізуге, құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауда көмек көрсету

3840 сағат

4

Жергілікті бюджет

21

ҚР Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі

Әскер қатарына шақырушыларды хабардар ету, жеке істерін толтыру, шақырудан бас тартқан шақырушыларды іздеу жұмыстарына көмек көрсету.

9600 сағат

10

Жергілікті бюджет

22

Кентау қаласы әкімдігінің «Кентау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Жыл бойы әлеуметтік маңызы бар жұмыстарды ұйымдастыруға көмек көрсету.

9600 сағат

10

Жергілікті бюджет


Барлығы

950 адам

      Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады