Жиналыстар, митингілер, шерулер пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 207 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 2934 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 25 наурыздағы № 6 шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Кентау  қалалық мәслихатының 25.03.2016 № 6 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауіпсіздікті, көліктің, инфрақұрылым объектілерінің толассыз жұмыс істеуін, жасыл-желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Кентау қаласының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қалалық мәслихат
      сессиясының төрағасы И.Молдалиев
      Қалалық мәслихат хатшысы К.Сырлыбаев

  Кентау қалалық мәслихатының
2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 207
шешімімен бекітілген

Кентау қаласының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы" Заңына сәйкес, Кентау қаласының аумағында жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.

2. Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің тәртібі

      2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу Кентау қаласы әкімдігіне өтiнiш берiледi.
      3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
      4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Кентау қаласы әкімдігінде тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
      5. Кентау қаласы әкімдігіне басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерi ұсынады.
      6. Қала әкімдігі өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады.
      7. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтау қажет.

3. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудегі жауапкершілік

      8. Уәкiлдер (ұйымдастырушылар) осы бапта көзделген нормаларды бұзғаны үшiн заңда белгiленген тәртiп бойынша жауап бередi.
      9. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады