Қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 1227 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 тамызда № 2796 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 1306 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы әкімдігінің 25.09.2014 № 1306 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140 бабының 2-тармағына және Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 83 қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қалалық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың, жауапкершігілі шектеулі серіктестіктердің таза табысының бір бөлігін 45 пайыз мөлшерінде аудару нормативі белгіленсін.
      2. Түркістан қаласы әкімдігінің «Экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгілеген тәртіпте:
      1) осы қаулыны Түркістан қаласының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында жариялануын және Түркістан қаласы әкімдігінің интернет–ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін;
      2) «Түркістан қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі /Қ.Төлентаев/, «Түркістан қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі /П.Мұсаев/, «Түркістан қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі /Б.Букебаев/ ведомстволық бағынысты мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза табысының тиісті бөлігін қала бюджетіне толық және уақытылы аударуына тұрақты бақылау жүктелсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С.Төрежановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Б.Әшірбеков 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады