2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдерін айқындау туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 6 маусымдағы № 299 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 маусымда № 2702 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 7 тамыздағы № 2352 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы әкімдігінің 07.08.2014 № 2352 хатымен).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына және «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ордабасы ауданы бойынша 2014 жылға арналған субсидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері қосымшаға сәйкес айқындалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.Сатеновке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 24 ақпанынан туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                                С.Сапарбаев

Ордабасы ауданы әкімдігінің
«6» маусымдағы 2014 жылғы
№ 299 қаулысына қосымша

Ордабасы ауданы бойынша 2014 жылға арналған сусидияланатын басым ауыл шаруашылық дақылдарының түрлері бойынша егістіктің оңтайлы себу мерзімдері

Дақыл түрі

Егістіктің оңтайлы мерзімдері

Ескертпе
 

басталуы

аяқталуы

1

Жаздық бидай

25.02.2014 ж.

04.04.2014 ж.

Тәлімі жер

2

Мақсары

30.02.2014 ж.

25.03.2014 ж.

Тәлімі жер

3

Күнбағыс

25.04.2014 ж.

10.05.2014 ж.

Тәлім және суармалы жер

4

Майкене

25.04.2014 ж.

10.05.2014 ж.

Тәлім және суармалы жер

5

Жоңышқа

15.03.2014 ж.

10.04.2014 ж.

Тәлім және суармалы жер

6

Мақта

25.04.2014 ж.

10.05.2014 ж.

Суармалы жер

7

Көкөніс, бақша, картоп

25.03.2014 ж.

30.05.2014 ж.

Суармалы жер

8

Дәндік жүгері

25.03.2014 ж.

20.05.2014 ж.

Суармалы жер

9

Күздік бидай

05.10.2014 ж.

05.11.2014 ж.

Суармалы жер

15.10.2014 ж.

25.11.2014 ж.

Тәлімі жер

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады