Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 23/137-V "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" шешiмiне өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 26/161-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 шілдеде № 2738 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 5 сәуірдегі № 12/60-VI шешiмiмен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Отырар аудандық мәслихатының 05.04.2017 № 12/60-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 185 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, Отырар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Отырар аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 ақпандағы № 23/137-V "Отырар ауданы бойынша аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiн бекiту туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 2586 тiркелген, 2014 жылғы 4 сәуірдегі "Отырар алқабы" газетiнде жарияланған) шешiмiне өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген шешiммен бекiтiлген Отырар ауданында аз қамтамасыз етiлген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбiнде:
      7-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
      "7. Уәкілеттi орган тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қажет құжаттарды берген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде, тұрғын үй көмегiн тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту жөнінде шешiм қабылдап, өтініш берушіні хабардар етеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы Е.Ибрагим
      Аудандық
      мәслихат хатшысы Б.Зұлпыхаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады