Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 12.02.2015 № 734 хатымен).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2–тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5) тармақшасына сәйкес, Сайрам ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргiзiлетiн ұйымдардың тiзбесi, қоғамдық жұмыстардың түрлерi, көлемi және оларды қаржыландырудың көздерi осы қаулының қосымшасына сәйкес бекiтiлсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделігіне байланысты болады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 13.08.2014 № 646 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі).
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ш.Халмурадовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Аудан әкімі У.Қайназаров
Сайрам ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 17 қаңтардағы
№ 64 қаулысымен бекітілген
2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
Р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Қоғамдық жұмыстардың көлемi |
Қоғамдық жұмысқа қатысушылар саны |
Қаржыландыру көздері |
1 |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтау |
тұрғындарды әр аула бойынша аралау және жұмыссыздар туралы мәлімет жинау (500 аула) |
11 |
Жергілікті бюджет |
2 |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Көгалдандыру, ағаштар отырғызу, күтіп ұстау Объектілерді салу және жөндеу |
5000 дана 10 нысан |
113 |
Жергілікті бюджет |
3 |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Аумақты экологиялық сауықтыру және елді мекендерді көріктендіру |
6 гектар |
116 |
Жергілікті бюджет |
4 |
Ауыл округтері әкімінің аппараттары |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
2800 іс құжат |
84 |
Жергілікті бюджет |
5 |
«Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
800 іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
6 |
«Сайрам аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
1000 іс құжат |
4 |
Жергілікті бюджет |
7 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетінің» Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Сайрам филиалы |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
2000 іс құжат |
8 |
Жергілікті бюджет |
8 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаменті Сайрам ауданының Әділет басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
2000 іс құжат |
10 |
Жергілікті бюджет |
9 |
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
2500 дана іс құжат |
25 |
Жергілікті бюджет |
10 |
«Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
700 іс құжат |
8 |
Жергілікті бюджет |
11 |
«Сайрам аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
600 іс құжат |
3 |
Жергілікті бюджет |
12 |
«Сайрам аудандық тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
600 іс құжат |
3 |
Жергілікті бюджет |
13 |
«Сайрам ауданы әкімдігінің «Болашақ» Сайрам балалар сауықтыру лагері» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны |
Балалар сауықтыру лагері аумағын көріктендіру, көгалдандыру |
7 гектар |
10 |
Жергілікті бюджет |
14 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаменті Сайрам ауданының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысу |
160 сағат |
30 |
Жергілікті бюджет |
15 |
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Сайрам аудандық бөлімшесі» мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
800 іс құжат |
7 |
Жергілікті бюджет |
16 |
«Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Сот актілерін орындау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы сот актілерін орындау Департаменті» мемлекеттік мекемесінің Сайрам ауданы аумақтық бөлімі» филиалы |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
700 іс құжат |
6 |
Жергілікті бюджет |
17 |
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Оңтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті Сайрам ауданының Төтенше жағдайлар басқармасы» мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
300 іс құжат |
2 |
Жергілікті бюджет |
18 |
Сайрам аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Сайрам аудандық жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Құжаттарды өңдеу және сақтауға дайындауға көмек көрсету |
700 іс құжат |
6 |
Жергілікті бюджет |
Барлығы: |
450 |
Ескертпе: қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.