Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 25.12.2014 № 1076 қаулысымен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 140-бабының 2 тармағына сәйкес Сайрам ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам ауданының коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативi таза табыстың 45 пайызы мөлшерінде белгіленсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ғ.Аязовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі У.Қайназаров