Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімдігінің 17.04.2015 № 315 қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидасының 50-тармағына сәйкес Сайрам аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сайрам аудандық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. «Сайрам аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыны Сайрам ауданы аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;
2) осы қаулыны Сайрам ауданы әкімдігінің интернет ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Г.У.Аязовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сайрам ауданының әкімі У.Қайназаров
Сайрам ауданы әкімдігінің
20 тамыздағы 2014 жылғы
№ 672 қаулысына қосымша
Сайрам аудандық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі
1. Осы Сайрам аудандық коммуналдық мүлкін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібі (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді және аудандық коммуналдық мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу тәртібін айқындайды.
2. Аудандық коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау ақысын есептеу тұрғын емес үй-жайдың салыну үлгісі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушының қызмет түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескерілетін коэффициенттердің қолданылатын базалық мөлшерлемесі мен мөлшерлері негізінде анықталып, мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = Рбс х S х Кт х Кк х Кск х Кр х Квд х Копф,
мұнда:
Ап – жылына коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдау ақысының мөлшерлемесі;
Рбс – 1 шаршы метрге жылына теңге жалдау ақысының базалық мөлшерлемесі;
S – жалға алынатын алаң, шаршы метр;
Кт – құрылыс типін ескеретін коэффициент;
Кк – тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
Кск – қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент;
Кр – аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
Квд – жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент;
Копф – жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент.
Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңымен белгіленген тиісті жылға арналған 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіші жалдау ақысының (Рбс) базалық мөлшерлемесі болып белгіленсін.
3. Жабдықтар мен автокөлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының есеп айырысуы мына формула бойынша жүзеге асырылады:
Ап = С х Nam/100 х Кп
мұнда:
Ап - жылына жабдықтар мен көлік құралдары үшін жалдау ақысының мөлшерлемесі;
С - бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны;
100 пайыз тозуы есептелген жабдықтар мен көлік құралдарын мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде қалдық құны бастапқы (қалпына келтіру) құнынан 10 пайыз мөлшерінде қабылданады;
Nam - Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабына сәйкес амортизацияның шекті нормалары;
Кп - төмендету коэффициенті (жабдықтар мен көлік құралдары алпыс пайыздан аса тозу кезінде қолданылады - 0,8 мөлшерінде, сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне беру кезінде - 0,5 мөлшерінде).
4. Мемлекеттік заңды тұлғаларға мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін, жабдықтар мен көлік құралдарын беру кезінде жалдау ақысының сомасы 0 (нөл) теңге көлемін құрайды.
5. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансында тұрған мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысын күніне төлеу мөлшерлемесі жылдық жалдау ақысының бағасынан есептелінеді және мүліктік жалдау бойынша ай сайынғы төлем мөлшерлемесін айлық жұмыс күндерінің санына математикалық бөлу жолымен анықталады:
Ап.плд. = К / Рд / 2,
мұнда:
Ап. плд. – жалдау ақысының жарты күндік мөлшерлемесі;
К - жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі (К=Ап/12);
Рд - 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;
Ап.д. = К / Рд,
мұнда:
Ап. плд. – жалдау ақысының 1 күндік мөлшерлемесі;
К - жалдау ақысының ай сайынғы мөлшерлемесі (К=Ап/12);
Рд - 1 айдағы жұмыс күндерінің саны;
4 (төрт) сағатқа дейін қоса алғанда мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде Ап.плд., ал күніне 4 (төрт) сағаттан жоғары мерзімге беру жағдайында Ап.д. қолданылады, бірақ күніне 8 (сегіз) сағаттан артық емес.
Мемлекеттік тұрғын емес қордың объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде бір күнге жалдау ақысының мөлшерлемесі теңгерім ұстаушымен келісілген ниет білдірушінің ұсынған жұмыс кестесіне сәйкес толық емес күнге (спорттық, акт және көрме залдары, оқу аудиториялары) берілген кезде қолданылады. Осы есеп мәдени ойын-сауық іс-шараларына таралмайды.
6. Сайрам аудандық коммуналдық мүлік объектілері үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:
р/т |
Коэффициенттер түрі |
Коэффициент мөлшері |
|
1 |
Құрылыс типін ескеретін коэффициент (Кт): |
||
1.1 кеңселік |
1 |
||
1.2 өндірістік |
0,8 |
||
1.3 қойма, гараж, қазандық |
0,6 |
||
1.4. спорттық ғимараттар (стадиондар, спорттық залдар) |
0,7 |
||
2 |
Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк) |
||
2.1 жеке тұрған құрылыс |
1 |
||
2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі |
0,9 |
||
2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі |
0,7 |
||
2.4 жертөле бөлігі |
0,6 |
||
3 |
Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск) |
||
3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар үй-жайлар үшін (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу) коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түріне 0,1-ге азаяды |
1,0 |
||
4 |
Аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент (Кр): |
||
4.1 аудан орталығы үшін |
2 |
||
4.2 ауданның басқа елді мекендер үшін |
1,0 |
||
5 |
Жалдаушының қызмет түрін ескеретін коэффициент (Квд): |
||
5.1 халыққа қызмет көрсетуге арналған банктердің, «Қазпошта» |
2,5 |
||
5.2 брокерлік қызметті жүзеге асыру және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариалдық кеңселер, адвокаттық кеңселер үшін |
3,0 |
||
5.3. оқу орындарының жатақханаларында сауда, қонақ үй қызметтерін ұйымдастыру үшін |
1,9 |
||
5.4 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін |
1,5 |
||
5.5 мынадай салаларда қызметтерді ұйымдастыру үшін: |
1,1 |
||
5.6 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында қызметтерді ұйымдастыру үшін |
1,0 |
||
5.7 өткізу жүйесі бар (қол жетімділігі шектеулі) коммуналдық заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтерді көрсету, сондай-ақ оқу орындарындағы және оқу орындарының жатақханаларындағы асхана мен буфеттер үшін |
0,5 |
||
5.8. 5.1-5.7-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, қызмет түрлері үшін |
1,9 |
||
6 |
Жалдаушының ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф): |
||
6.1 сауда-сатып алу (делдалдық) қызметті қоспағанда, өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін |
0,9 |
||
6.2 акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайыздары немесе акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі және табысының кемінде 90 пайызын бюджеттік бағдарламаларды орындаудан алатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін |
0,8 |
||
6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін |
0,5 |
||
6.4 қалғандары үшін |
1,0 |