Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулері туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2014 жылғы 20 тамыздағы № 35-226/V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қазанда № 2823 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 2017 жылғы 16 наурыздағы № 13-92/VI шешімімен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Сайрам аудандық мәслихатының 16.03.2017 № 13-92/VI шешімімен.
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 47-бабының 4-тармағына сәйкес, Сайрам аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сайрам ауданы бюджеті есебінен қаржыландырылатын, Сайрам ауданының меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне (каникул кезеңдерін және әр аптаның демалыс күндерін қоспағанда) қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүрулеріне құқық берілсін:
      1) 1-11 сыныптары – ақысыз жол жүру.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрағасы Қ.Сыздықов
      Сайрам аудандық мәслихатының
      хатшысы С.Сағындықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады