Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2014 жылғы 27 маусымдағы № 32-269-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 31 шілдеде № 2745 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 2015 жылғы 15 желтоқсандағы № 47-426-V шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш аудандық мәслихатының 15.12.2015 № 47-426-V шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабынының 1) және 2) тармақшаларына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына және «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 қаулысына сәйкес, Сарыағаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Бекітілсін:
      1) осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары;
      2) осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.      

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       Т.Усманов

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    Б.Садықов

      Сарыағаш аудандық мәслихаттың
      2014 жылғы 27 маусымдағы
      № 32-269-V шешіміне
      1 қосымша

Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық жинақталу нормасы, м3

1

Жайлы және жайлы емес үйлер

1 тұрғын

1,7

2,3

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері

1 орын

1,3

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

0,7

4

Балабақшалар, бөбекжайлар

1 орын

0,41

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,4

6

Емханалар

1 адам

0,02

7

Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

1,0

8

Мектептер, орта оқу орындары, жоғарғы оқу орындары

1 оқушы

0,07

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 тағам

1,5

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы

1 орын

0,26

11

Мұражайлар, көрмелер

Жалпы алаңы 1 м2

0,03

12

Стадиондар, спорт алаңдары

Жоба бойынша 1 орын

1,2

13

Спорт, би және ойын залдары

Жалпы алаңы 1 м2

1,2

14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы 1 м2

1,2

15

Машиналардан сату

Сауда алаңы 1 м2

1,4

16

Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер

Сауда алаңы 1 м2

0,8

17

Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

Сауда алаңы 1 м2

0,55

18

Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

19

Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,02

20

Тұрмыстық қызметтер көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

Жалпы алаңы 1 м2

-

21

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

Жалпы алаңы 1 м2

0,59

22

Жағажайлар

Жалпы алаңы 1 м2

-

23

Дәріханалар

Сауда алаңы 1 м2

0,38

24

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар

1 машина-орын

1,4

25

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,85

26

Гараж кооперативтері

1 гаражға

-

27

Шаштараздар, косметикалық салондар

1 жұмыс орны

2,2

28

Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі

Жалпы алаңы 1 м2

0,56

29

Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары

Жалпы алаңы 1 м2

0,75

30

Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау)

1 жұмыс орны

0,55

31

Моншалар, сауналар

Жалпы алаңы 1 м2

1,15

32

Қаланың аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар

1000 қатысушы

-

33

Бау-бақша кооперативтері

1 учаске

-

      Сарыағаш аудандық мәслихаттың
      2014 жылғы 27 маусымдағы
      № 32-269-V шешіміне
      2 қосымша

Сарыағаш ауданы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері

Атауы

Теңге

1

1 м3 қатты тұрмыстық қалдық шығару заңды тұлғалар үшін

950

2

Жайлы және жайлы емес үйлерден қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару үшін айына 1 отбасыдан

200

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады