Сарыағаш қаласы Майлықожа көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 11 мамырдағы № 74 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 6 маусымда № 2686 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 109 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласы әкімінің 25.07.2014 № 109 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 24 ақпандағы № 02–17/87 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Сарыағаш қаласы Майлықожа көшесі № 29 үйде тұратын азамат Б.Дутановтың иті құтырық ауруымен ауруына байланысты Майлықожа көшесінің шығысында Ғ.Мұратбаев көшесімен, батысында Т.Тоқтаров көшесімен қиылысқан жеріне шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Сарыағаш қаласы әкімінің орынбасары Б. Ерменовке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сарыағаш қаласы әкімінің
      міндетін атқарушы                          С.Сулейменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады