Дербісек ауылдық округі Дербісек ауылының Орынбай ата көшесінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 25 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 желтоқсанда № 2924 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 12 ақпандағы № 02 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Дербісек ауылдық округі әкімінің 12.02.2015 № 02 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Сарыағаш аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 26 қарашадағы № 02-17/472 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Дербісек ауылдық округі Дербісек ауылының Орынбай ата көшесінде иесіз иттің құтырық ауруымен ауруына байланысты Орынбай ата көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Дербісек ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Абдисаматовқа жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Дербісек ауылдық округінің әкімі А.Наурызов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады