"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңдарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының басшысының 2014 жылғы 26 қарашадағы № 01-13/259 ұсынысы негізінде және жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Бірінші Мамыр ауылдық округі Жаңажол ауылының Долана көшесінің тұрғыны А.Ашірбекованың итінің құтырық ауруымен ауруына байланысты Долана көшесінде шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Бірінші Мамыр ауылдық округі әкімінің орынбасары Ж.Шалғынбаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Бірінші Мамыр | |
ауылдық округінің әкімі | Е.Қадырбеков |