Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 557 қаулысы. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 7 қазанда № 2822 болып тіркелді. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 2016 жылғы 6 мамырдағы № 200 қаулысымен

      Ескерту. Күшi жойылды - Оңтүстiк Қазақстан облысы Түлкiбас ауданы әкiмдiгiнiң 06.05.2016 № 200 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына және "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабының 1) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Түлкібас ауданы әкімдігінің 2010 жылғы 23 ақпандағы № 89 "Жұмыс орындарының жалпы санының 3 пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 14-14-102 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 2 сәуірде аудандық "Шамшырақ" қоғамдық-саяси газетінде ресми жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі Қ.Абдуалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады