Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы әкімі аппаратының 11.01.2016 № 29 хатымен).
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 масымдағы № 836 Қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес, Түлкібас ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға еңбекақы төлеу еңбек шартының негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі және орындалатын жұмыстың санына, сапасына және күрделілігіне байланысты болады.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Ө.Маткеримовке жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Қ.Абдуалиев
Түлкібас ауданы әкімдігінің
2014 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 711 қаулысымен бекітілген
2015 жылы ақылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі және оларды қаржыландырудың көздері
№ р/с |
Ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Адам саны |
Қоғамдық жұмыстардың көлемі |
Қаржыландыру көздері |
1 |
«Түлкібас ауданы әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Мұрағат құжаттары мен тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу |
3 |
2500 іс-құжат |
Аудандық бюджет |
2 |
«Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Жалғызілікті зейнеткерлер мен мүгедектерге қызмет және күтім көрсету, үй аралау, мұрағат құжаттары мен тізімдерін жасау, құжаттарды қалыптастыру, оларды тігу |
15 |
108 жалғызілікті қарттар, 104 мүгедек балалар, |
Аудандық бюджет |
3 |
«Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, |
Тұрғындардың үйлерін аралау, поселке, ауылдық округтердің әлеуметтік картасын құрастыруға қатысу, еңбек рыногының негізгі индикатор көрсеткіштерін анықтауға жәрдемдесу |
17 |
15 ауылдық округ, поселке аумағында, 19552 үй |
Аудандық бюджет |
4 |
«Түлкібас ауданы әкімдігінің Майлыкент ауылдық округ әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, |
Қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету, аумақты абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау |
433 |
15 ауылдық округтердің, поселкелердің 64 елді мекендері нің көшелері |
Аудандық бюджет |
5 |
«Түлкібас ауданы әкімдігінің коммуналдық шаруашылығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
Аудан орталығының көшелерiн санитарлық тазалау |
15 |
500000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
6 |
«Түлкібас ауданы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің «Аудандық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны |
Демалыс және мәдениет орталық парктерінің аумағын жинау, абаттандыру және көгалдандыру, қоғамдық жұмыстарға көмек көрсету |
15 |
800000 шаршы метр |
Аудандық бюджет |
7 |
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі |
Азаматтарды шақыруды ұйымдастыруға көмек көрсету (шақыру қағазын тарату) |
5 |
4500 іс-құжат |
Аудандық бюджет |
8 |
«Түлкібас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Ресми жұмыссыздар есебінде тұрған жұмыссыздарды анықтау және жұмысқа орналасуға ықпал ету, жұмыс іздеу клубы жоба жетекшісі |
2 |
2250 жұмыссыз |
Аудандық бюджет |
9 |
«Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер Департаменті «Түлкібас ауданының ішкі істер бөлімі» мемлекеттік мекемесі |
Жастардың арасында салауатты өмір салтын насихаттау жұмысын ұйымдастыру, кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу («Тәртіп», «Сақшы» пилоттық жобалары) |
20 |
15 ауылдық округтердің, поселкелердің 64 елді мекен, 1500 іс-құжат |
Аудандық бюджет |
Барлығы |
525 |
Ескертпе: Қоғамдық жұмыстардың нақты жағдайлары жұмыс берушімен және қоғамдық жұмысқа қатысатын азаматтың арасында жасалатын еңбек шартында көзделеді.