Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 07 сәуірдегі N 85 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 мамырда N 3299 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мыналар белгіленсін:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ. Б. Байғонысов) "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Риддер қаласының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
      Су ресурстары жөніндегі комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясы басшысының
      міндетін атқарушы М. Мұздыбаев

      2014 жылғы "07" 04
      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті
      басшысының міндетін атқарушы Ғ. Сүлейменов

      2014 жылғы "07" 04

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
"07" сәуірдегі
№ 85 қаулысына
қосымша

Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы
жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау
белдеулері


р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
1
Большая Таловка өзені
5,7
322,0
500-700
-
-
-
2
Филипповка өзені
5,6-оң,5,1-сол
495,5
40-760 оң,100-710 сол
2,5
23,6
35-200
3
Малая Таловка өзені (7,5 шақырым) мен қапталдағы құйылымдары (11,5 шақырым)
2,6-оң, 6,1-сол
1003,0
250-600 оң, 220-750 сол
28,43
253,8
35-120
4
Сазоновка кенті ауданындағы атауы жоқ екі бұлақ
4,2-оң, 2,2-сол
228,0
80-800 оң,
120-640 сол
12,0
29,0
35-100
5
Быструха өзені
5,5-оң,
1,6-сол
470,8
80-540 оң,
170-740 сол
8,3
40,95
35-125
6
Белогорцев Ключ бұлағы
бөлінбей
57,5
Риддер қаласының шекарасындағы басқа да бұлақтармен бірге жалпы ені
2,6
16,6
55-100
7
Быструха және Хариузовка өзендерінің арасындағы атауы жоқ бұлақтар
бөлінбейді
206,2
Быструха және Хариузовка өзендерінің арасында ені ортақ, олардың арасындағы бұлақтарды қосумен
15,4
87,0
35-100
8
Хариузовка өзені
7,4–сол жағалауы
499,7
65-560 сол жағалауы. Быструха және Хариузовка өзендерінің арасындағы ортақ су қорғау аймағы
7,5
31,8
35
9
Журавлиха өзені
1,5-оң, 2,8-сол
326,4
400-535 оң,
380-940 сол
3,7
23,4
50-325
10
Тихая өзені (екі тармағы)
5,6-оң,
5,2-сол
927,3
60-630 оң,
210-730 сол
17,4
86,3
35-100
11
Мальцев бұлағы
1,7-оң, 2,2-сол
126,0
340-540 оң,
90-400 сол
4,2
19,0
35-100
12
Риддер жылу электр орталығы ауданындағы атауы жоқ бұлақ
1,5-оң,
1,0-сол
62,0
40-220 оң,
240-450 сол
1,1
6,0
55
13
Тишинский су электр станциясының деривациясынан бастап атауы жоқ бұлақ
2,1-оң, 3,6-сол
118,0
90-220 оң,
170-500 сол
4,3
26,0
35-100
14
Атауы жоқ бұлақ, "Үлбіқұрылыс" 1-ші аудан
2,0-оң, 1,4-сол
78,7
80-оң,
330-360 сол
3,2
11,2
35
15
Шаравка өзені
2,6-оң, 1,5-сол
360,0
535-1000 оң,
400-590 сол. Шаравка өзенінің, Аплетин бұлағының Риддер қаласының шекарасына дейінгі ортақ су қорғау аймағы
2,35
30,2
35-100
16
Аплетин бұлағы
бөлінбейді
Шаравка өзені бойынша ескерілді
535-1000 оң.
Шаравка өзенінің, Аплетин бұлағының Риддер қаласының шекарасына дейінгі ортақ су қорғау аймағы
3,6
21,8
35-100
17
Быструшка бұлағы
бөлінбейді
92,6
Быструха және Хариузовка өзендеріне ортақ су қорғау аймағы
3,0
10,6
35
18
Бахорька бұлағы
бөлінбейді
Филипповка өзені бойынша ескерілді
Су қорғау аймағы Филипповка өзенінің су қорғау аймағымен біріктірілген
1,25
6,9
55
19
Белкин бұлағы
бөлінбейді
Быструха өзені бойынша ескерілді
Су қорғау аймағы Быструха өзенінің су қорғау аймағымен біріктірілген
0,6
3,0
50

      
      Ескертпе.
      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімшілік аумағының шекараларындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады