Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерін және оларды шаруашылыққа пайдалану режимін белгілеу туралы

Жаңартылған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 07 сәуірдегі N 87 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 06 мамырда N 3300 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 39, 116, 125, 145-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасына сәйкес және жер үсті суларының ластануын, қоқысталуын және сарқылуын болғызбау, сондай-ақ өсімдіктер мен жануарлар әлемін сақтау үшін су объектілерін тиісті санитарлық-гигиеналық және экологиялық талаптарға сәйкес жағдайда ұстау мақсатында, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 22.12.2016 № 392 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Мыналар белгіленсін:
      1) осы қаулыға қосымшаға сәйкес Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері;
      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтарының аумағында арнайы шаруашылыққа пайдалану режимі мен су қорғау белдеуінің аумағында шектеулі шаруашылық қызмет жүргізу режимі.
      2. Шығыс Қазақстан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы (Қ.Б. Байғонысов) "Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" жобасын заңнамамен белгіленген құзыретіне сәйкес шаралар қабылдау үшін Зырян ауданының әкіміне және мемлекеттік жер кадастрында есепке алу және су қоры мен жер ресурстарының пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін арнайы уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға тапсырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н.Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі
      Су ресурстары жөніндегі комитетінің
      Су ресурстарын пайдалануды реттеу
      және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік
      инспекциясы басшысының
      міндетін атқарушы М. Мұздыбаев

      2014 жылғы "07" 04
      Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау агенттігінің
      Шығыс Қазақстан облысы тұтынушылардың
      құқықтарын қорғау департаменті
      басшысының міндетін атқарушы Ғ. Сүлейменов

      2014 жылғы "08" 04

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
"07" сәуірдегі
№ 87 қаулысына
қосымша

Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің
су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері


р/с
Су объектісі, оның учаскесі
Су қорғау аймағы
Соның ішінде су қорғау белдеуі
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
Шекарасының ұзындығы, (шақырым)
Алаңы, (га)
Орташа ені, (метр)
1
Березовка өзені - Бұқтырма өзенінің сол саласы
11,0
952,0
500-1350
19,0
193,0
50-55
2
Магистральный (Маслянский) каналы
5,6
148,2
130-500
13,0
26,0
20
3
Маслянка бұлағы
11,2
279,5
65-425
15,0
58,8
35-122
4
№ 1 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының сол саласы мен № 2-оң саласы
3,3
86,4
100-340
3,6
12,6
35
5
№ 3 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының сол саласы
0,6
8,4
65-170
0,9
3,0
35
6
№ 4 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының оң саласы
2,3
47,4
130 - 300
2,5
8,8
35
7
№ 5 атауы жоқ бұлақ - Маслянка бұлағының оң саласы
0,95
19,6 
100-350
1,2
4,2
35
8
Заводская бұлағы - Маслянка бұлағының сол саласы
0,7
19,0
70-425
1,5
5,3
35
9
№ 6 атауы жоқ бұлақ
2,8
43,0
80-200
2,9
10,2
35
10
№ 7 атауы жоқ бұлақ (Чернышевский қалтарысы)
0,5
10,0
100-150
1,2
4,2
35
11
Өзеннің басынан бастап айналма автожолдың тұсына дейінгі Вторушка өзені (батпақты жерлер учаскесі, 170 га)
14,0
1011,0
200-500
22,6
104,8
35-55
12
Айналма автожолдың тұсынан бастап нөсер каналына дейінгі Вторушка өзені
4,1
189,9
75-700
7,65
37,4
35-150
13
Земляной ключ бұлағы – Вторушка өзенінің сол сағасы
15,3
389,2
60-500
14,6
51,1
35-75
14
Вторушка өзеніндегі су қоймасы (алаңы - 11,0 га)
1,0
29,0
200-380
1,35
12,4
50-120
15
Вторушка каналы
1,0
27,3
75-230
3,4
6,7
20
16
№ 8 атауы жоқ бұлақ - Вторушка өзенінің оң сағасы
1,65
68,5
100-275
2,7
9,5
35
17
Земляной ключ бұлағының ағынын Вторушка өзеніне қосатын канал
1,3
30,0
60-275
1,9
3,8
20
19
Красный ключ бұлағы
8,2
355,8
100-680
11,4
46,0
35-100
20
Құрғату жырасы
0,45
19,4
100-200
1,25
4,4
35
21
№ 9 атауы жоқ бұлақ (оңтүстік айналма автожол мен Маяк кентіне апаратын автожол ауданында)
4,3
158,5
100-450
4,4
15,4
35
22
Нөсер (құрғатқыш - тосқауыл) каналы
1,6
163,7
200-450
9,6
75,3
35
23
Карьерлік көл
2,6
90,0
220-400
-
-
-

      
      Ескертпе.
      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулерінің шекаралары мен ені "Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласындағы жер үсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін белгілеу" бекітілген жобасының картографиялық материалдарында көрсетілген.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады