Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын 2014 жылы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 шілдедегі N 186 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 шілдеде N 3402 болып тіркелді. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты)

      Ескерту. Қаулының қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының 13.01.2015 N 6/480 хаты).
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 11-бабы 2-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес, «Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 574 қаулысын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мыналар:
      1) осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және отандық тауар өндірушілер сатқан 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың 2014 жылға арналған нормалары;
      2) осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетел тыңайтқыш өндірушілерінен сатып алған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың 2014 жылға арналған нормалары;
      3) осы қаулының 3 қосымшасына сәйкес тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауға берілетін субсидиялардың Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша 2014 жылға арналған көлемдері белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. Ә. Шерубаевқа жүктелсін.
 
 

      Облыс әкімі
      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі

Б. Сапарбаев
 
 
А. Мамытбеков

      2014 жылғы « 14 » шілдеде
 


Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы «11» шілдедегі № 186 қаулысына
1 қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және отандық тауар өндірушілер сатқан 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың 2014 жылға арналған нормалары
 

р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін

Бір бірлікке арналған субсидиялар нормасы, теңге

1

Аммиак селитрасы (N-34,4%)

тонна

50

28900

2

Аммофос (N-10%:P2О5-46%)

тонна

50

45000

3

Сульфоаммофос (N-18%: P2О5-18%: S-17%)

тонна

50

34250

4

Қарапайым суперфосфат (P-15%: К2О-2%)

тонна

50

21280

5

Хлорлы калий (К2О-42,2%: KCL-65%)

тонна

50

48000

6

Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты) (К2О-50%)

тонна

50

105000

7

Супрефос-NS (N-12%:P2О5-24%)+(Ca;Mg;SO3)

тонна

50

45000

8

Азотты – Фосфорлы – Калийлі (тукоқоспа NPK N-16:16:16)

тонна

50

54000

9

«Б» маркалы «МЭРС» шағын тыңайтқыштары

литр

50

6000



Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы
«11» шілдедегі № 186 қаулысына
2 қосымша

Субсидияланатын тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) түрлері және тыңайтқыш жеткізушіден және (немесе) шетел тыңайтқыш өндірушілерінен сатып алған 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа берілетін субсидиялардың 2014 жылға арналған нормалары
 
 

р/с

Субсидияланатын тыңайтқыштардың түрлері

Өлшем бірлігі

Бір бірлік құнын арзандату пайызы, дейін

Бір бірлікке арналған субсидиялар нормасы, теңге

1

Карбамид (N-46,3%)

тонна

30

31800

2

Нитроаммофоска (N15%: P15%: К15%)

тонна

30

30000

3

Solu Micro Fe 13

тонна

30

600000

4

Monopotassium Phosphate
Калий монофосфаты

тонна

30

132000

5

Күкірт қышқылды калий (калий сульфаты), Бельгияда өндірілген

тонна

30

71100

6

Potassium nitrate Калий селитрасы

тонна

30

79500

7

«А» маркалы түйіршіктелген кальций нитраты (кальций селитрасы)

тонна

30

44700

8

Азот қышқылды магний 6 су үлесті (магний нитраты)

тонна

30

57000

9

Күкірт қышқылды магний 7 су үлесті (магний тыңайтқышы)

тонна

30

37500

10

Темір хелаты EDDHA YaraVitaRexolin Q40

тонна

30

745500

11

Калий сульфаты KristaTM SOP 0-0-50

тонна

30

80400

12

Калий нитраты KristaTM K Plus 14-0-46

тонна

30

102600

13

Кальций нитраты (кальций селитрасы)
YaraLivaCalcinitTM 16-0-0

тонна

30

53400

14

Магний нитраты KristaTM MAG

тонна

30

69300

15

Магний сульфаты KristaTM Mgs

тонна

30

53700

16

Арнайы кристалон Kristalon Special 18-18-18

тонна

30

130800

17

Сары кристалон Kristalon Yellow 13-40-13

тонна

30

152700

18

Қоңыр кристалон Kristalon Brown 3-11-38

тонна

30

162000



Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы
«11» шілдедегі № 186 қаулысына
3 қосымша

Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын субсидиялауға берілетін субсидиялардың Шығыс Қазақстан облысының аудандары бойынша 2014 жылға арналған көлемдері
 

р/с

Аудан, қала атауы

Тыңайтқыштардың (органикалық тыңайтқыштарды қоспағанда) құнын арзандату (50%-ға дейін), мың теңге

1

Аягөз

2200

2

Бесқарағай

3200

3

Бородулиха

52500

4

Глубокое

137000

5

Зайсан

2300

6

Зырян

70400

7

Катонқарағай

6600

8

Көкпекті

28100

9

Күршім

500

10

Үржар

46500

11

Ұлан

35000

12

Шемонаиха

69100

13

Өскемен қ.

15000

14

Семей қ.

79500

15

Риддер қ.

2100

Жиыны:

550000


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады