"Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 04 қыркүйектегі N 232 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 01 қазанда N 3494 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 қазандағы N 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.10.2015 N 268 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы" 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983, "Кәсіпкерлік қызметті қолдау саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулыларына сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Сапарбаев

  Шығыс Қазақстан облысы
әкімдігінің 2014 жылғы
" 4 " қыркүйектегі № 232
қаулысымен бекітілген

"Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметтің (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) қызмет берушісі облыс әкімі белгілейтін құрылымдық бөлімшелер (аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жұмыспен қамту және және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) болып табылады. Өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі әлеуметтік шарт болып табылады.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.

Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде көрсетiлетiн қызметтi берушiнiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      5. Мемлекеттiк қызмет көрсету бойынша iс-қимылды бастауға көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 434 қаулысымен бекітілген "Моноқалаларды дамытудың 2012 – 2020 жылдарға арналған бағдарламасы" шеңберінде микрокредиттер беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағында көрсетілген құжаттар тізбесін ұсыну негiз болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет көрсету процесiнiң құрамына кiретiн iс-қимылдардың мазмұны, орындалу ұзақтығы:
      1 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау және стандарттың 9-тармағында белгіленген тізбеге сәйкестікке тексеру, өтінішті кіріс құжаттамаларының журналына тіркеу. Орындалу ұзақтығы - 20 минуттан аспайды;
      2 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қалыптастыру және кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөліміне (бұдан әрі – кәсіпкерлік бөлімі) және шағын қаржылық ұйымға (бұдан әрі - ШҚҰ) қарау үшін жолдау. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;
      3 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) өтінішін қарау. Кәсіпкерлік бөлімі көрсетілетін қызмет берушіге Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама) қосу туралы тұжырымды (бұдан әрі - тұжырым) жолдайды. ШҚҰ көрсетілетін қызметті алушыны несиелеу мүмкіндігі туралы шешімді көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;
      4 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім жөнінде және Бағдарламаға қосылғаны туралы жазбаша хабарлайды. Орындалу ұзақтығы – 2 күнтізбелік күн;
      5 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет берушінің көрсетілетін қызметті алушыны тегін оқуға, сертификат алуға жолдауы, бизнес-жоспарды дайындауға және бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал етуі. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;
      6 іс-қимыл – ШҚҰ-ның жобасын қарау және бағалау, шағын несиелеу туралы соңғы шешімді ұсыну, шешімді көрсетілетін қызмет берушіге жолдау. Орындалу ұзақтығы – 4 күнтізбелік күн;
      7 іс-қимыл – ШҚҰ-ның көрсетілетін қызметті алушыға шағын несиені аударуы және ол туралы көрсетілетін қызмет берушіні хабардар етуді. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;
      8 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыны ШҚҰ-ның шешімі туралы хабардар етеді. Әлеуметтік шарт жасасу. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап – 15 күнтізбелік күн ішінде.
      7. Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 1-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті алушының (немесе оның сенімхат бойынша өкілінің) құжаттарын қабылдау болып табылады, ол 2-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 2-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi кәсіпкерлік бөліміне және ШҚҰ-ға көрсетілетін қызметті алушының жолданған құжаттар пакеті болып табылады, ол 3-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 3-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi кәсіпкерлік бөлімі мен ШҚҰ-дан алынған тұжырым және шешім болып табылады, ол 4-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 4-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызметті берушіні қабылданған шешімі туралы хабардар ету болып табылады, ол 5-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 5-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi көрсетілетін қызмет алушының оқытудан өтуі және бизнес-жоспарды әзірлеуі болып табылады, ол 6-шы іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 6-шы іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi бағалау және ШҚҰ-ның несиелеу туралы шешімі болып табылады, ол 7-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 7-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi шағын несиені аудару болып табылады, ол 8-ші іс-қимылды орындауды бастау үшін негіз болады.
      Осы Регламенттің 6-тармағында көрсетілген 8-ші іс-қимыл бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесi әлеуметтік шарт жасасу болып табылады.

3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет процесiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерiнiң) өзара iс-қимыл тәртiбiн сипаттау

      8. Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет процесiне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінiң құрылымдық бөлiмшелерiнiң (қызметкерлерінің) тiзбесi:
      уәкілетті тұлға - көрсетілетін қызмет берушінің басшысы;
      көрсетілетін қызмет берушінің маманы;
      уәкілетті тұлға – кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы;
      уәкілетті тұлға – кәсіпкерлік бөлімінің басшысы;
      уәкілетті тұлға - ШҚҰ басшысы;
      кәсіпкерлік бөлімі несие алуға ниет білдіргендерді кәсіпкерлік негіздеріне оқыту үшін конкурстық негізде таңдап алған консалтингтік компания (бұдан әрі – консалтингтік компания).
      9. Мемлекеттiк қызмет көрсету үшiн қажеттi рәсімдердің (iс-қимылдардың) сипаттамасы:
      1 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) құжаттарын қабылдау және тексеру, өтінішін кіріс құжаттамаларының журналына тіркеу. Орындалу ұзақтығы - 20 минут;
      2 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қалыптастыру және кәсіпкерлік бөлімі мен ШҚҰ-ға қарау үшін жолдау. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;
      3 іс-қимыл – көрсетілетін қызметті алушының (немесе сенімхат бойынша оның өкілінің) өтінішін қарау. Көрсетілетін қызмет берушіге кәсіпкерлік бөлімінің ұсынылып отырған жобаның өңірдегі кәсіпкерлікті дамытудың басым бағыттарына сәйкестігі туралы тұжырым және шешімді жолдауы; ШҚҰ-дан үміткерлерді несиелеу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы шешім (бұдан әрі - шешім) жолдауы. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;
      4 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыға қабылданған шешім жөнінде жазбаша хабарлама жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 2 күнтізбелік күн;
      5 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыны кәсіпкерлік негіздеріне тегін оқыту, сертификат алу, бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал ету үшін консалтингтік компанияға жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн;
      6 іс-қимыл – ШҚҰ бизнес-жобаны бағалайды, шағын несиелеу мүмкіндігі туралы тұжырым мен шешім шығарады, тұжырымды көрсетілетін қызмет берушіге жолдайды. Орындалу ұзақтығы – 4 күнтізбелік күн;
      7 іс-қимыл – ШҚҰ микрокредитті аударады және ол туралы көрсетілетін қызмет берушіге хабарлайды. Орындалу ұзақтығы – 3 күнтізбелік күн;
      8 іс-қимыл – көрсетілетін қызмет беруші көрсетілетін қызметті алушыны ШҚҰ-ның шешімі туралы хабардар етеді. Әлеуметтік шарт жасасу. Орындалу ұзақтығы – 1 күнтізбелік күн.
      Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес, әрбiр iс-қимылды (рәсімді) өту блок-схемасында көрсетілген.
      Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке 2 қосымшаға сәйкес қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылған мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.

  "Моноқалаларды дамытудың
2012-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде
микрокредиттер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 1 қосымша

Көрсетілетін қызмет берушінің микрокредит беру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі функционалдық өзара іс-әрекеттесу блок-схемасы

      


  "Моноқалаларды дамытудың
2012-2020 жылдарға арналған
бағдарламасы" шеңберінде
микрокредиттер беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентіне 2 қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі
бизнес-процестердің анықтамалығы

      


Шартты белгілер:

      


      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады