Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 12.01.2021 № 4 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған."Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 5-бабына, 38-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тарих және мәдениет ескерткіштерін анықтау, есепке алу, оларға мәртебе беру және одан айыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 2 қарашадағы № 1032, "Республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің кейбір мәселелері туралы" 2014 жылғы 31 шілдедегі № 846 қаулыларына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2008 жылғы 25 сәуірдегі № 560 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 2484, 2008 жылғы 19 маусымдағы № 80-81(15990) "Дидар", 2008 жылғы 19 шілдедегі № 92-93 (18526) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінде:
реттік нөмірлері 406, 412, 421, 424, 541 жолдар алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Б. Сапарбаев |