"Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 78 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 қыркүйектегі N 257 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қазанда N 3513 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 02 қыркүйектегі N 224 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 02.09.2015 № 224 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16-бабының 3-тармағына сәйкес, "Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу жөнiндегi қағиданы бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрiнiң 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығы негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 сәуірдегі № 78 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3305, 2014 жылғы 9 маусымдағы № 64 (17001) "Дидар", 2014 жылғы 10 маусымдағы № 65 (19512) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      8 тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рәсiмдердiң (iс-қимылдардың) реттiлiгiн сипаттау осы Регламентке 1 қосымшаға сәйкес әрбiр iс-қимылды (рәсiмді) өту блок-схемасында көрсетілген.";
      мынадай мазмұндағы 9 тармақпен толықтырылсын:
      "9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сонымен қатар өзге де көрсетiлетiн қызметтi берушiлермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламентке 2 қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі және "электрондық үкімет" веб-порталында, қызмет берушінің интернет-ресурсында орналастырылады.";
      қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышындағы мәтiн мынадай редакцияда жазылсын:
      "Туристік ақпаратты, оның ішінде туристік әлеует, туризм обьектілері және туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалар туралы ақпарат беру" мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiне 1қосымша";
      осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2 қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

Облыс әкімінің



міндетін атқарушы

Н. Сақтағанов

   



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің


2014 жылғы " 26 " қыркүйектегі


№ 257 қаулысына қосымша


"Туристік ақпаратты, оның


ішінде туристік


әлеует, туризм обьектілері және


туристік


қызметті жүзеге асыратын


тұлғалар туралы


ақпарат беру" мемлекеттік


көрсетілетін қызмет


регламентіне 2 қосымша

Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


 

      Шартты белгілер:

      *ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірлік: көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің), халыққа қызмет көрсету орталығының, "электрондық үкімет" веб-порталының өзара іс-қымылдары;
 


 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады