"Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 04 желтоқсандағы N 323 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 желтоқсанда N 3592 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 шілдедегі N 186 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 29.07.2015 N 186 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңының 16 - бабының 3 - тармағына, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 9432) бұйрығының негізінде Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы қызметі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 103 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 3333, 2014 жылғы 16 маусымдағы № 67 (17004) "Дидар", 2014 жылғы 14 маусымдағы № 67 (19514), 2014 жылғы 17 маусымдағы № 68 (19515) "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      аталған қаулымен бекітілген "Шығыс Қазақстан облысының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау бойынша анықтама беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың екінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады;";
      мынадай мазмұндағы 11 - тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы, сондай - ақ өзге қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс - қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 4 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.";
      осы қаулының 1 - қосымшасына сәйкес 4 - қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Сәулет - жоспарлау тапсырмасын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      1 тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің "Халыққа қызмет көрсету орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.";
      мынадай мазмұндағы 11 - тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы, сондай - ақ өзге қызмет берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс - қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы Регламенттің 3 – қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.";
      осы қаулының 2 - қосымшасына сәйкес 3 - қосымшамен толықтырылсын;
      аталған қаулымен бекітілген "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй - жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
      8 - тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Рәсімдердің (іс - қимылдардың) реттілігінің сипаттамасы осы Регламенттің 1 - қосымшасына сәйкес блок - схемада көрсетілген.";
      мынадай мазмұндағы 9 - тармақпен толықтырылсын:
      "9. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдер (іс - қимылдар) реттілігінің, қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс - қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2 - қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес - процестерінің анықтамалығында көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес -процестерінің анықтамалығы "электрондық үкімет" веб - порталында, қызмет берушінің интернет - ресурсында орналастырылған.";
      қосымшаның жоғарғы оң жақ бұрышындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тіреу және қоршау конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттардың үй - жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауға (қайта жоспарлауға, қайта жабдықтауға) шешім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1 - қосымша";
      осы қаулының 3 - қосымшасына сәйкес 2 - қосымшамен толықтырылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 

Облыс әкімі

Д. Ахметов

   



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 4 " желтоқсандағы №323


каулысына 1-қосымша



"Шығыс Қазақстан облысының


аумағында жылжымайтын мүлік


объектілерінің мекенжайын


анықтау бойынша анықтама


беру" мемлекеттік көрсетілетін


қызмет регламентіне 4-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде


 

      Шартты белгілер:


 



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 4 " желтоқсандағы


№ 323 қаулысына


2-қосымша



"Сәулет-жоспарлау


тапсырмасын беру" мемлекеттік


көрсетілетін қызмет


регламентіне 3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде


 

      Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы ХҚО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде


 

      Шартты белгілер:


 



Шығыс Қазақстан облысы


әкімдігінің 2014 жылғы


" 4 " желтоқсандағы


№ 323 қаулысына 3-қосымша



"Тіреу және қоршау


конструкцияларын, инженерлік


жүйелер мен жабдықтарды


өзгертуге байланысты емес


қолданыстағы ғимараттардың


үй-жайларын (жекелеген


бөліктерін) реконструкциялауға


(қайта жоспарлауға, қайта


жабдықтауға) шешім беру"


мемлекеттік көрсетілетін қызмет


регламентіне 2-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы


 

      Шартты белгілер:


 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады