"Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 8234 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 желтоқсанда № 3587 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 24 мамырдағы № 369 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы әкімдігінің 24.05.2016 № 369 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Положение бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Өскемен қаласының әкімі Т. Қасымжанов

  Өскемен қаласы әкімдігінің
  2014 жылғы " 13 " 11
  № 8234 қаулысымен бекітілген

"Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі қала аумағында білім саласына басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі және мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланктері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамамен, сондай-ақ осы Ережемен белгіленген құзірет шегінде мемлекеттің аты-нан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сай қала әкімдігімен бекітіледі.
      8. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қасым Қайсенов атындағы көшесі, 10 А, индексі 070019.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы – "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тиым салынады.

2. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, қызметтері және құқықтары

      13. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.
      14. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
      3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін тарату, қазақ халқының және республикамыздағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерттеу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру;
      5) білім беру ұйымдарының автономиялық дербестіктерін кеңейту, білім беруді басқаруды демократизациялау және орталықтандыру;
      6) білім беруді ақпараттандыру және халықаралық глобальды коммуникативті жүйеге шығу арқылы оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
      7) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      8) қоғамның және экономиканың сұранысына жауап беретін ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі.
      15. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) кешкі (ауысымды) оқу нысанын және интернат үлгісіндегі ұйымдар арқылы ұсынылатын жалпы орта білім беруді қоса алғанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беруді қамтамасыз ету;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйым-дастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олары орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінде қолдау және ықпал көрсету;
      6) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;
      8) қалалық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      10) қала ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
      12) мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру ұйымдарының білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      14) білім алушылардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жол жүруі туралы ұсыныстар енгізу;
      15) мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарына және отбасы-ларына қажетті әдістемелік және консультациялық көмек көрсету;
      16) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      17) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
      18) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      19) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің әдістемелік басшылығын қамтамасыз ету;
      20) негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат ныса-нында оқытуға рұқсат беру;
      21) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
      22) шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн әзірлеу және бекiту;
      23) білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
      24) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      25) белгіленген тәртіпте жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығын-сыз қалған балаларды есепке алу және оларды одан әрі ұстау, тәрбиелеу, оқыту және мемлекеттік қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыру;
      26) заңнамамен белгіленген тәртіпте кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
      27) патронаттық тәрбиешінің ағымдағы шотына ақша қаражатын аудару арқылы еңбегіне ақы төлеу;
      28) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру, зерделеу және талдау, жаппай білім беру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
      29) кешенді тәрбиелеу бағдарламаларының жүзеге асырылуын ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
      30) отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік мәселелеріне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына және балаларды үйде оқытуға басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;
      31) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарының жоспарлау, болжау және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын ұйымдастыру;
      32) білім беру қызметтерінің сапасын арттыру мақсатында қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарын дамыту және тіршілік әрекетін қамтамасыз ету қызметтеріне маркетингтік талдау жүргізу;
      33) қаланың коммуналдық мемлекеттік білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарлануын жүзеге асыру;
      34) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және қала әкімдігінің норма-тивтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      35) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      16. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан және олардың лауазымдық тұлғаларынан өз құзыреті шегінде заңнамамен белгіленген тәртіппен қажетті ақпарат пен материалдар сұрату және алу;
      2) білім беру ұйымдарының қызметкерлерін мекеменің құзырына жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тарту, тиісті ұсыныстар дайындау үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сай мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзіреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдауға, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асыру;
      4) білім беру ұйымдарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) өзінің құзыреті шегінде мекеменің қызмет саласына жататын тапсырмалар беру, олардың орындалуын бақылау, қалада өткізілетін іс-шараларға қатысу;
      6) құзырында білім беру саласының мәселелері бар білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне ұйымдастыру-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсету;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес қызметті жүзеге асыру;
      8) мекеме әзiрлеушi болып табылатын қала әкімі мен әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің құқықтық мониторингiн жүзеге асыру және оларға өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу және олардың күшi жойылды деп тану жөнiндегi шараларды уақтылы қабылдау;
      9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа құқықтарды жүзеге асыру және басқа міндеттерді орындау.

3. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және босатылатын орынбасары болады.
      20. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) дара басшылық ұстанымымен әрекет етеді және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен анықталған өз құзіретіне сәйкес мекеме қызметінің мәселелерін өз бетімен шешеді;
      2) белгіленген тәртіппен атқарушы органдардан мекеменің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу үшін қажет материалдарды сұратады және алады;
      3) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мүдделі ұйымдардың өкілдерін тартумен белгіленген тәртіпте кеңестер шақырады;
      4) мекеме қызметкерлерінің өкілеттігін анықтайды;
      5) мекеменің атынан сенімхатсыз іс-әрекет жасайды, барлық ұйымдарда оның мүдделерін ұсынады;
      6) шарттар жасасады;
      7) сенімхаттар береді;
      8) сапарлар, сынақтамалар, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің біліктілігін жоғарылатудың басқа да түрлері бойынша мекеменің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;
      9) банк есепшоттарын ашады;
      10) мекеменің барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
      11) мекеме қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан шығарады;
      12) мекеме қызметкерлеріне мадақтау шараларын қолданады және тәртіптік жаза қолданады;
      13) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қажетті шаралар қабылдайды және ол үшін дербес жауаптылықта болады;
      14) заңнамамен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
      "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі қала әкімдігімен тапсырылған мүлік есебінен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Өскемен қаласының білім беру бөлімі" мемлекеттік мекемесін мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады