"Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 25 маусымдағы № 398 қаулысына өзгерістер еңгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 810 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 12 қыркүйекте № 3486 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы № 1112 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 02.12.2014 № 1112 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына1516-баптарына, 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 21-бабына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 25 маусымдағы № 398 қаулыға (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміндегі № 2587 тіркелген, 2012 жылғы 24 шілдедегі № 29 «Риддерские вести» газетінде жарияланған), келесі өзгертулер еңгізілсін:
      қаулының кіріспесі келесі редакцияда баяндалсын:
      «Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына1516-баптарына, 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:».
      3 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда баяндалсын:
      «1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі».
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Риддер қаласы әкімінің орынбасары Ю.В. Шматкоға жүктелсін.
      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
 
 

      Риддер қаласының әкімі

Ж. Мұратов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады