Қосымша әлеуметтiк көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы N 398 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 18 шілдеде N 2587 тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 02.12.2014 N 1112 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 02.12.2014 N 1112 қаулысымен.
     РҚАО ескертпесі.
     Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 29-бабының 6-тармағына1516-баптарына, 11-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Риддер қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 21.08.2014 № 810 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      1. Үйде тәрбиеленіп және оқытылатын мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз етуге құқығы бар тұлғаларға қосымша әлеуметтік көмек көрсетілсін (бұдан әрі – әлеуметтік көмек).
      2. Әрбір мүгедек-балаға ай сайын 6,2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      3. Келесі талаптар белгіленсін:
      1) мүгедек балаларға (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалардан басқа) әлеуметтік көмек отбасы табысына қарамастан, үйден тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе заңды өкілдеріне беріледі;
      2) әлеуметтік көмек өтініш берген айдан «Облыстың білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысында бекітілген мерзім аяқталғанға дейін беріледі;
      3) әлеуметтік көмекті төлеу өткен айға қаржыландырудың түсу шамасы бойынша жүргізіледі. Әлеуметтік төлемді тоқтатуға әкелетін жағдайларда (мүгедек-баланың 18 жасқа толуы, мүгедек-баланың өлімі, мүгедектіктің алынуы) сәйкес жағдайлар басталған айдан кейін төлем тоқтатылады.
     Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласы әкімдігінің 21.08.2014 № 810 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. «Риддер қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (О.И. Ильинская) әлеуметтік төлемді тағайындауды және төлеуді қамтамасыз етсін.
      5. «Риддер қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Т.В. Зайцева) жергілікті бюджетте қарастырылған қаражаттар шегінде міндеттер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына сәйкес әлеуметтік көмекті қаржыландыру бойынша мәселені шешсін.
      6. Риддер қаласы әкімдігінің 2011 жылғы 23 тамыздағы № 1017 «Үйде оқытылатын және тәрбиеленетiн мүгедек балаларға материалдық қамтамасыз етудi тағайындау және төлеу Нұсқаулығын бекiту туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын (2011 жылы 22 қыркүйекте № 5-4-152 нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2011 жылғы 06 қазандағы № 40 (103) «Мой город Риддер» газетінде жарияланды).
      7. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімінің орынбасары Е.В. Соколоваға жүктелсін.
      8. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 01 шілдедегі туындаған қатынасқа таратылады.
 
 

      Риддер қаласының әкімі

М. Сапарғалиев

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады