"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 05 қарашадағы № 472 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 желтоқсанда № 3582 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 08 маусымдағы № 216 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай ауданы әкімдігінің 08.06.2016 № 216 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 3 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Бесқарағай аудандық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Н. Сыдықов

      

 
Бесқарағай аудандық әкімдігінің
2014 жылғы "05" қараша
№ 472 қаулысына қосымша

"Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі білім, дене шынықтыру және спорт салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      5. Егер "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 070300, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылы, Сейфуллин көшесі 162.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: білім дене шынықтыру, спорт саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру.
      14. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
      1) ұлттық және жалпы адамгершілік құндылықтар, ғылым және практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптасуына бағытталған сапалы білім алулары үшін қажетті жағдайлар жасау;
      2) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік және салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке тұлғалықтарын дамыту үшін жағдайлар жасау арқылы ой-өрістерін байыту;
      3) азаматтылыққа, патриоттыққа және өз Отаны – Қазақстан Республикасын сүюге, мемлекеттік рәміздерді сыйлауға, халқымыздың салт-дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
      4) әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктерін тарату, қазақ халқының және республикамыздағы басқа да халықтардың тарихын, салт-дәстүрлерін зерттеу, мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін меңгеру;
      5) білім беру ұйымдарының автономиялық дербестіктерін кеңейту, білім беруді басқаруды демократизациялау және орталықтандыру;
      6) білім беруді ақпараттандыру және халықаралық глобальды коммуникативті жүйеге шығу арқылы оқытудың жаңа технологияларын енгізу;
      7) педагогикалық қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін арттыруды қамтамасыз ету;
      8) қоғамның және экономиканың сұранысына жауап беретін ұлттық білім сапасын бағалау жүйесінің қызмет етуі.
      15. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) мектептердің, мектепке дейінгі және мектептен тыс мекемелерінің мектепке дейінгі, орта жалпы және қосымша білім берудің мемлекеттік жалпы міндетті стандарттарын іске асыру жөніндегі қызметтерін үйлестіру;
      2) білім алушылардың ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуын ұйымдастыру;
      3) мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды, олары орта білім алғанға дейін оқытуды ұйымдастыру;
      4) арнайы және мамандандырылған жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын қоспағанда, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен құру, қайта ұйымдастыру және тарату бойынша ұсыныстар енгізу;
      5) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік білім беру ұйымдарының (қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелеріндегі білім беру ұйымдарын қоспағанда) материалдық-техникалық қамтамасыз етілуінде қолдау және ықпал көрсету;
      6) мектепалды даярлық, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер сатып алу және жеткізуді ұйымдастыру;
      7) мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту бойынша ұсыныстар енгізу;
      8) аудандық әдістемелік кабинеттердің материалдық-техникалық базасын қамтамасыз ету;
      9) балаларға қосымша білім беруді қамтамасыз ету;
      10) аудан ауқымында жалпы білім беретін пәндер бойынша мектеп олимпиадаларын және ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз ету;
      11) жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды белгіленген тәртіппен мемлекеттік қамтамасыз ету, оларды міндетті жұмысқа орналастыруды және тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау;
      12) жергілікті атқарушы органдарымен бірлесе шалғай орналасқан елді мекендерінен балаларды білім беру мекемелеріне ақысыз жеткізуді, күн көрісі төмен және көп балалы отбасыларды, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларды ақысыз тамақпен тамақтандыруды ұйымдастыру;
      13) білім беру мониторингін жүзеге асыру;
      14) негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың бланкілеріне тапсырыс беруін және солармен қамтамасыз етілуін ұйымдастыру және олардың пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
      15) аудандық мемлекеттік білім беру ұйымдарының кадрмен қамтамасыз етілуін жүзеге асыру;
      16) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және халыққа психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
      17) білім беруді дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
      18) аудан мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогикалық қызметкерлерін аттестаттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
      19) белгіленген тәртіпте жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алу және оларды одан әрі ұстау, тәрбиелеу, оқыту және мемлекеттік қамтамасыз ету бойынша қызметті жүзеге асыру;
      20) заңнамамен белгіленген тәртіпте кәмелетке толмағандардың, оның ішінде асырап алуды, өздеріне қорғаншылықты немесе қамқоршылықты, патронатты белгілеуге мұқтаж, қорғаншылықтағы немесе қамқоршылықтағы, патронаттағы, сондай-ақ жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда тәрбиеленетін жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын жүзеге асыру;
      21) кешенді тәрбиелеу бағдарламаларының жүзеге асырылуын ақпараттық және әдістемелік қамтамасыз ету;
      22) отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекеттестік мәселелеріне, мүмкіндігі шектеулі балалармен жүргізілетін түзету жұмыстарына және балаларды үйде оқытуға басшылық пен бақылауды жүзеге асыру;
      23) аудандық мемлекеттік білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарының жылдық жоспарлануын жүзеге асыру;
      24) мекеменің құзіреті шегінде әкімнің және аудан әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын әзірлеу;
      25) спорттың ұлттық, халықтық және басқа да түрлері бойынша жарыстарды өткізу;
      26) спорттық разрядтар мен санаттарды игереді: екінші және үшінші, жасөспірімдік бірінші және үшінші, екінші санаттағы біліктігінің жоғары және орта деңгейдегі жаттықтырушы, екінші санаттағы біліктілігінің жоғары деңгейдегі нұсқаушы-спортшы, екінші санаттағы біліктілігінің жоғары деңгейдегі жоғары және орта деңгейдегі әдіскер, спорт жөніндегі судья;
      27) аудандағы мамандандырылмаған жасөспірімдік спорт мектептерін қызметпен қамтамасыз ету;
      28) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
      16. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) білім беру, спорттық туризм, дене шынықтыру және спорт жүйесін дамыту мәселесі бойынша жоба әзірлеп, оны белгіленген тәртіппен жоғарғы органдарға ұсынуға;
      2) жергілікті атқарушы органдарына ауданның дамыту жоспарларын жүзеге асыруға қайшылық келтіретін, олармен қабылданған актілерге өзгертулер енгізу немесе күшін жою туралы ұсыныс енгізуге;
      3) өз құзыреті шеңберінде орындауға міндетті нұсқау беруге, нормативтік актілерге ұсыныс енгізуге;
      4) өз құзыреті шеңберінде белгіленген уақытта жергілікті атқарушы органдардан ақпараттар сұрауға және алуға;
      5) оқу-әдістемелік кабинеттерді және білім беру мекемелерді шығарылатын оқулықтар, оқу құралдары, видеомағлұматтар, аудиовизуалдық және басқа оқыту құралдары туралы ақпараттандыру мен мекемелердің оларға қажеттіліктерін талдауға;
      6) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан бөліммен белгіленген мерзімде өз құзыреті шеңберінде қажетті ақпараттар сұрауға және алуға;
      7) заңнамамен оған жүктелген өзге де құқықтарды іске асыруға құқылы.

3. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
қызметін ұйымдастыру

      17. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшылықты "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысын әкім қызметіне тағайындайды және қызметтен босатады.
      19. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысының өкілеттігі:
      1) бөлім мамандарының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді;
      2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) бөлімнің қағидасы мен оның құрылымын аудандық әкімдікке бекітуге ұсынады;
      4) бұйрық шығарады және бөлімнің барлық қызметкерлеріне тиісті тапсырма береді;
      5) барлық мемлекеттік органдарға және өзге ұйымдарға бөлімді таныстырады;
      6) өз өкілеттігі шеңберінде "Жемқорлыққа қарсы күрес туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңының талаптарын орындауын қамтамасыз етуге және онда қарастырылған тәртіптік жазаны қолдануға дербес жауапты болады;
      7) Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес өзге де өкілеттікті іске асырады.
      "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      21. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      22. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру,
дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта
ұйымдастыру және тарату

      24. "Шығыс Қазақстан облысы Бесқарағай аудандық білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады