"Глубокое ауданының экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 25 желтоқсандағы № 1504 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 20 қаңтарда № 3642 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 157 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое аудандық әкімдігінің 11.05.2016 № 157 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-бабының 2-тармағына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Жарлығына сәйкес Глубокое ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Глубокое ауданының экономика және бюджетті жоспарлау" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Глубокое ауданының әкімі А. Бекбосынов

  Глубокое аудандық әкімдігінің
2014 жылғы "25" желтоқсандағы
№ 1504 қаулысымен бекітілді

"Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер

      1. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ауданның стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық түріндегі заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
      4. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді.
      5. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      7. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі. 8. Заңды тұлғаның орналасқан жері - Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое ауданы, Глубокое кенті, Попович көшесі 11а, индексі 070500.
      9. Мемлекеттік органның толық атауы - "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер түсетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осы қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      13. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы – бұл экономикалық саясатты, сондай-ақ ауданның бәсекеге қабілеттілік жаңа деңгейіне және тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуіне сапалы қол жеткізуге мүмкіндік туғызатын тиімді мемлекеттік жоспарлау және басқару жүйесін жүзеге асыру.
      14. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мемлекеттік саясат саласында қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу болып табылады:
      1) Бағдарламалық құжаттарға және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының соңғы нәтижелеріне қол жеткізу бойынша басымды міндеттерді жүзеге асыруға бағдарланған экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру;
      2) ауданның аумағын дамыту.
      15. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары:
      1) ауданның әлеуметтік -экономикалық даму болжамын әзірлеу;
      2) ауданның аумағын дамыту Бағдарламасын әзірлеу және жүзеге асырылуын мониторингілеу;
      3) бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің бюджеттік өтінімдерінің жобаларын қарау;
      4) заңнамада белгіленген құзыретінің шегінде аудан бюджетінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың бюджеттік бағдарламаларының жобаларын (өзгерістер мен толықтырулар) қарау;
      5) аудандық бюджет комиссиясы жұмыс органының функциясын жүзеге асыру;
      6) ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын есепке алып, бюджет түсімдерін болжау;
      7) аудан бюджетін бекіту және нақтылау туралы аудандық мәслихат шешімдерін жүзеге асыру туралы аудандық әкімдік қаулыларының жобаларын әзірлеу;
      8) аудандық бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы органдардың штаттық кестелеріне талдауды жүзеге асыру;
      9) бюджеттік инвестициялық жобаның экономикалық мақсатқа сай екендігін анықтауға бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық экономикалық негіздемесін әзірлеуге (түзетуге) бюджеттік бағдарламалар әкімшіліктерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау, экономика саласын дамытуға басымды жобаның мақсаттарының сәйкестігі, олар бойынша қорытынды шығару және бюджеттік комиссия қарауына бағыттау;
      10) бюджеттік комиссиялар мақұлдаған бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, олар бойынша экономикалық қорытынды әзірлеу, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларға және республикалық бюджеттен дамытуға нысаналы трансферттер есебінен іске асырылатын жобаларға мониторинг және бағалау жүргізу;
      11) "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша актілердің жобаларын әзірлеу;
      16. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:
      1) қолданыстағы заңнамада берілген құзыретке сәйкес, бөлімге жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      2) басымдылықтарды, мақсатты бағдарламаларды, аналитикалық шолулар мен болжамдарды әзірлеуге қатысу үшін қажетті жағдайда ғылыми қызметкерлер мен мамандарды (келісім бойынша) тартуға;
      3) "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретінің мәселелеріне қатысты өткізілетін отырыстарға, жиналыстарға және кеңестерге қатысуға;
      4) аудандық әкімдіктің қарауына аудандық әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар қарауға енгізу.

3. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      17. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінде басшылықты "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      18. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын аудан әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
      19. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын, орынбасары бар.
      20. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:
      1) Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Ережеде көзделген өзінің құзыретіне сәйкес, біркелкілік қағидасымен және дербес түрде мекеме қызметі мәселелерін шешеді;
      2) қолданыстағы заңнамада белгіленген құзырының аясында мәселелерді шешу және оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан және ұйымдардан қажетті құжаттарды, ақпараттарды және материалдарды сұрауға және алуға;
      3) мекеменің құзыретіне енетін мәселелер жөніндегі кеңеске мүдделі ұйымдардың өкілдерін тарта отырып, бекітілген тәртіпте шақырады;
      4) мекеме қызметшілерінің өкілеттіктерін анықтайды.
      "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезінде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес, оны алмастыратын тұлға атқарады.
      21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      22. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған, оған меншік иесі берген және басқа да жерлерден өткізілген мүліктерден құрылады.
      23. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
      24. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамада басқа көзделмесе, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта құру және тарату

      25. "Глубокое ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру мен тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады