Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 мамырда N 311 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 10 маусымда N 3375 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 07 шілдедегі N 389 қаулысымен

      РҚАО-ның ескертпесі. Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы әкімдігінің 07.07.2015 N 389 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31- бабы 2-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7- бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту саясатын қамтамасыз ету мақсатында Зайсан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде Зайсан ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. С. Сапарғалиеваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі А.Оңдақанов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады