Зырян ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 12 тамыздағы N 2563 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 қыркүйекте N 3488 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 12.12.2014 N 2783 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 12.12.2014 N 2783 қаулысымен.
     РҚАО ескертпесі.
     Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 01 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі, ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Зырян ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі белгіленсін.
      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Зырян ауданының әкімі

Е. Сәлімов


Зырян ауданы әкімдігінің


2014 жылғы «12» тамыз


№ 2563

Зырян ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза табысының бір бөлігін аудару нормативі
 
 

Таза табыс 3 000 000 теңгеге дейін

таза табыс сомасынан 5 пайыз

Таза табыс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін

150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 10 пайыз

Таза табыс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін

4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 15 пайыз

Таза табыс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін

34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 25 пайыз

Таза табыс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін

97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 30 пайыз

Таза табыс 1 000 000 001 теңге және одан жоғары

247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза табыстан асқан сомадан 50 пайыз

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады