Зырян қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 2702 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 қарашада № 3564 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 11 қазандағы № 338 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы әкімдігінің 11.10.2016 № 338 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 19-бабына сәйкес Зырян ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Зырян қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифі барлық маршруттар үшін 60 (алпыс) теңге көлемінде белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Зырян ауданының әкімі Е.Сәлімов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зырян ауданы
      мәслихатының хатшысы Г.Денисова

      "30" қазан 2014 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады