Автотұрақтар (паркингтер) үшін белінген жерлерге санатын белгілеу және салынатын жер салығының базалық ставкасын ұлғайту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2014 жылғы 18 сәуірдегі N 17-8 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда N 3348 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 2018 жылғы 25 сәуірдегі № 22/10-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім аудандық мәслихатының 25.04.2018 № 22/10-VI шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 381 бабына, 386 бабының 3 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Күршім аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтар (паркингтер) санаты 1 қосымшаға сәйкес белгiленсiн.

      2. Тұрғын үй қоры, соның iшiнде оның жанындағы құрылыстар мен ғимараттар орналасқан жерлердi қоспағанда, елдi мекендердiң жерлерiне арналған базалық ставкалар бойынша салық салуға жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлінген жерлерге автотұрақтардың санатына қарай базалық ставкалардың мөлшерi 2 қосымшаға сәйкес ұлғайтылсын.

      3. Күршім ауданына жататын автотұрақтар (паркингтер) үшiн бөлiнген басқа санаттағы жерлерге базалық салық ставкаларын қолдануға жақын жатқан елдi мекен болып Күршім ауылы айқындалсын.

      4. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы

Ж. Әзімбаев

Күршім аудандық


мәслихаттың хатшысы

Қ. Әбілмәжінов


  Күршім аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 17- 8 шешіміне
1 қосымша

Күршім ауданы бойынша автотұрақтардың (паркингтердін) түріне
қарай автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары

Р/с

Автотұрақтардың (паркингтердін) түрлері

Санаты

1

Жер үстіндегі жабық түрлі автотұрақтар, ашық түрлі автотұрақтар

1 санат

2

Басқа маңыздағы ғимараттарға жалғастырылған автотұрақтар, басқа маңыздағы ғимараттың ішінде салынған автотұрақтар

2 санат

3

Ғимараттардың жер астындағы, үй астындағы, жер үстіндегі төменгі немесе цокольдық қабаттарында орналасқан автотұрақтар

3 санат

  Күршім аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 18 сәуірдегі
№ 17- 8 шешіміне
2 қосымша

Автотұрақтарға (паркингтерге) бөлінген жерлерге салынатын салық
ставкасын автотұрақтардың (паркингтердін) санаттарына қарай
көбейту туралы

Р/с

Автотұрақтардың (паркингтердін) санаттары

Салық ставкасын көбейту мөлшері

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады