2014 жылға Көкпекті ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 22 шілдедегі № 167 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 тамызда № 3454 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 02 желтоқсандағы N 347 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Көкпекті ауданы әкімдігінің 02.12.2014 N 347 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Еңбек нарығындағы жағдайды есепке ала отырып жұмыспен қамту мемлекеттік саясатын іске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттік кепілдемелерді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасын, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5-бабын, 7-бабының 2) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Көкпекті ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға Көкпекті ауданының аумағында тұратын халықтың келесі нысаналы топтары анықталсын:
      1) жасы жиырма бір жасқа дейінгі жастар;
      2) балалар үйінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата - анасының қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар;
      3) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар;
      5) зейнеткерлік жас алдындағы аудандар (жасына байналысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған);
      6) мүгедектер;
      7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босатылған адамдар;
      8) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
      9) оралмандар;
      10) табысы аз адамдар;
      11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;
      12) жазғы демалыс кезеңіндегі студенттер мен мектеп оқушылары;
      13) жұмыс беруші – заңды тұлғаның таратуылына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
      14) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметіның есебінде турған адамдар;
      15) 50 жастан асқан тұлғалар;
      16) АИТВ жұқтырғандар, нашақор азаматтар;
      17) мектептерді кәсіби оқу орындарын аяқтаған түлектер;
      18) жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      19) «Көкпекті ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар;
      20) басымды кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқуды аяқтаған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының қатысушылары.
      2. «Көкпекті ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі » мемлекеттік мекемесі:
      1) тұрғындардың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды уақытша жұмыспен қамту бойынша шаралар қабылдасын;
      2) халықтың нысаналы топтарына жатқызылған тұлғаларды жұмысқа орналастыруға жәрдем жасасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары К.Р. Смаиловаға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Көкпекті ауданының әкімі Д. Мусин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады