Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 03 қарашадағы № 105 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылқы 20 қарашада № 3555 болып тіркелді

      Казақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк–аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабы 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 35 бабы 2 тармағына сәйкес, 2014 жылғы 3 қыркүйектегі Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссияның қорытындысы негізінде және ауыл тұрғындарының пікірін ескере отырып Ақсуат ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ақсуат ауылдық округiнің Ақсуат ауылындағы атауы жоқ көшеге – «Тілеген Қинаубайұлы» атауы берiлсiн.
      2. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау Ақсуат ауылдық округi әкiмiнің орынбасары С.Қасеновке жүктелсiн.
      3. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 
 

       Ақсуат ауылдық округінің әкiмi

Ғ.Нұғиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады