РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық аумақтық ветеринариялық бақылау және қадағалау инспекциясы басшысының міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 мамырдағы № 174 ұсынысының негізінде Алмасай ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
1. Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылында ірі қара малдың арасынан бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. "Ұлан мал дәрігері" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты Алмасай ауылдық округі мал дәрігерлік бөлімшесінің меңгерушісі А. Аубакировқа осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын (келісім бойынша).
3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
Алмасай ауылдық округінің әкімі | Н. Дутбаев |