Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылында шектеу шараларын алу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 23 қарашадағы N 05 шешімі

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10.1-бабының 8-тармағына сәйкес және Ұлан ауданының бас мемлекеттік ветеринарлық- санитарлық инспекторының 2015 жылғы 19 қарашадағы № 432 ұсынысы негізінде, Алмасай ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
      1. Ұлан ауданы Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылында ірі қара малдардың арасында бруцеллез ауруына сауықтыру іс-шараларының аяқталуына байланысты, шектеу іс-шаралары алынсын.
      2. "Алмасай ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің 2014 жылғы 13 маусымдағы "Ұлан ауданының Алмасай ауылдық округінің Алмасай ауылына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық акт мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3390 нөмірімен 2014 жылғы 30 маусымда тіркелген, аудандық "Ұлан таңы" газетінің 2014 жылғы 3 маусымдағы № 45 санында жарияланған) № 4 шешімінің күші жойылсын.
      3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа еңгізіледі.
      Алмасай ауылдық округінің әкімі Н. Дутбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады