Барқытбел ауылдық округінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 шілдедегі N 3 шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 тамызда N 3469 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің 2015 жылғы 29 қазандағы № 10 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі әкімінің 29.10.2015 № 10 шешімімен (алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасын басшылыққа ала отырып Үржар ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2014 жылдың 17 сәуіріндегі № 156 ұсынысы негізінде Барқытбел ауылдық округі әкімі ШЕШТІ:
      1. Барқытбел ауылдық округінде мүйізді ұсақ малдарынан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы К.Кебиспаевқа шектеу іс-шараларынан туындайтын бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның "Үржар Вет" мал дәрігері А.Чалабаевқа сауықтыру іс-шараларын өткізуді ұйымдастыру ұсынылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуына бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Барқытбел ауылдық
      округінің әкімі Н. А. Ануарбеков
      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы ауыл
      шаруашылық Министрлігі
      ветеринариялық бақылау және
      қадағалау комитетінің Үржар
      аудандық аумақтық инспекциясының
      мемлекеттік ветеринариялық
      санитарлық инспекторы К.Кебиспаев

      "16" шілде 2014 ж.
      Мемлекеттік коммуналдық
      кәсіпорынның "Үржар Вет"
      мал дәрігері А.Чалабаев

      "16" шілде 2014 ж.
      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады