Барқытбел ауылдық округі елді мекенінің ұсақ мүйізді малдары бруцеллез індетінен сауқтырылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс-Қазақстан облысы Үржар ауданы Барқытбел ауылдық округі 2015 жылғы 29 қазандағы № 10 шешімі

       РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы" Заңының 37 бабының 8 тармағына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Барқытбел ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясы бастығының 2015 жылдың 28 қазандағы № 358 ұсынысына сәйкес, Барқытбел ауылдық округі елді мекенінің ұсақ мүйізді малдары бруцеллез індетінен сауықтырылды деп танылсын.
      2. Күші жойылды деп есептелсін:
      1) Барқытбел ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 16 шілдедегі № 3 шешімі "Барқытбел ауылдық округінде шектеу іс-шараларын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылдың 27 тамыздағы № 3469, аудандық "Уақыт тынысы" газетінің 2014 жылғы 08 қыркүйектегі № 108 санында жарияланған).
      3. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
      Барқытбел ауылдық
      округінің әкімі Н. Ануарбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады