Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 25 шілдедегі N 228 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қыркүйекте N 3474 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы N 431 қаулысымен

       Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 23.12.2014 N 431 қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі. Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 140-бабының 2-тармағына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Шемонаиха ауданы әкімінің


      міндетін атқарушы

Е.Мұқатаев


Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2014 жылғы "25" шілде
№ 228 қаулысына қосымша

Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бөлігін бөліп шығару нормативi
 
 

Таза кіріс 3000000 теңгеге дейін
 

Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
 

Таза кіріс 3000001 теңгеден 50000000 теңгеге дейін
 

3000000 теңгеден көлемінде таза кірістен асатын сомадан 150000 теңге + 10 пайыз
 

Таза кіріс 50000001 теңгеден 250000000 теңгеге дейін
 

50000000 теңгеден көлемінде таза кірістен асатын сомадан 4850000 теңге + 15 пайыз
 

Таза кіріс 250000001 теңгеден 500000000 теңгеге дейін
 

250000000 теңгеден көлемінде таза кірістен асатын сомадан 34850000 теңге + 25 пайыз
 

Таза кіріс 500000001 теңгеден 1000000000 теңгеге дейін
 

500000000 теңгеден көлемінде таза кірістен асатын сомадан 97350000 теңге + 30 пайыз
 

Таза кіріс 10000000001 теңге және жоғары
 

1000000000 теңгеден көлемінде таза кірістен асатын сомадан 247350000 теңге + 50 пайыз
 

   
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады