"Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2014 жылғы 4 тамыздағы № 79 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 6 қыркүйекте № 9721 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 21 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Бас прокурорының 29.01.2016 № 21 бұйрығымен.

      «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1118 баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2012 жылғы 13 желтоқсандағы № 151 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 24 қаңтарда № 8288 тіркелген) келесі өзгертулер енгізуді:
      Азаматтық істер бойынша сот актілерінің заңдылығын прокурорлық қадағалауды ұйымдастыру және соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету туралы Нұсқаулықтың 8 тармағы мынадай басылымда жазылсын:
      «8. Прокурорлар мынадай істер бойынша міндетті түрде процеске қатысады:
      ол Заңда қарастырылған жағдайда;
      сот немесе жоғары тұрған прокурор оны қажет деп таныса;
      мемлекеттің мүддесіне қатысты болса;
      жұмысқа қайта алу туралы;
      жалақы өндіру туралы;
      азаматты басқа тұрғын үй-жай берместен тұрғын үйден шығару туралы;
      өмірі мен денсаулыққа келтірілген зиянды өндіру туралы.
      Заңда прокурордың мынадай істер бойынша қатысуы көзделген:
      прокурордың бастамасы бойынша қозғалған;
      ата-ана құқығынан айыру, оны қалпына келтіру, шектеу туралы, бала асырап алу туралы, бала асырап алудың күшін жою туралы (АІЖК-нің 36-1 тарауы, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 76787987103107-баптары);
      мемлекеттік басқару органдары мен лауазымды тұлғалардың шешімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) дау айту туралы (АІЖК-нің 281-бабы);
       нормативтік құқықтық актілердің заңдылығына дау келтіру туралы (АІЖК-нің 284-бабы);
      азаматтың хабар-ошарсыз кеткендігін тану немесе азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы (АІЖК-нің 299-бабы);
      азаматты әрекет қабілеттілігі шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы (АІЖК-нің 306-бабы);
      кәмелетке толмаған баланы арнаулы білім беру ұйымына немесе ерекше режимде ұстайтын ұйымға орналастыру туралы (АІЖК-нің 308-2-бабы);
      шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен шығарып жіберу туралы (АІЖК-нің 317-14-бабы).
      Егер сот қарайтын дау көптеген азаматтардың мүддесіне қатысты болса, олардың өмірі мен денсаулығына, Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігіне ауыр зардаптар әкелуі мүмкін болса, прокурорларға қорытынды беру үшін өз бастамасымен процеске қатысу қажет.
      Іс бойынша тарап болып табылмайтын және АІЖК-нің 55-бабының 2 бөлігінде көзделген тәртіппен процеске қатысушы прокурор сот жарыссөздерінен кейін жалпы істің мәні бойынша қорытынды береді (АІЖК-нің 213-бабы).
      Өзге тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген прокурор сот жарыссөздерінде сөз сөйлейді. Жарыссөздерден кейін жалпы істің мәні бойынша прокурордың қорытындысы талап етілмейді (АІЖК-нің 211-бабының 3 бөлігі).
      Қалалардың, аудандардың прокурорлары және оларға теңестірілген прокурорлар прокурорлардың қатысуымен қаралған азаматтық істер бойынша бірінші сатыдағы соттар шығарған сот актілерін және оларды қарау кезінде берілген, тиісті номенклатуралық істе қалыптастырылатын прокурорлардың қорытындыларын есепке алуды ұйымдастырады.».
      2. Соттарда мемлекеттің мүддесіне өкілдік ету Департаментіне (А.К.Чиндалиев) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдауды.
      3. Бұйрықты Бас әскери прокурорына, Бас көлік прокурорына, облыстардың, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген басқа да прокурорларға жолдауды.
      4. Қаржы, ақпараттандыру және ақпаратты ресурстарды қорғау Департаментіне бұйрықтың Бас прокуратураның ресми сайтына орналастыруды қамтамасыз етуді.
      5. Бұйрықтың орындалуына бақылауды Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының жетекшілік етуші орынбасарына жүктеуді.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Бас Прокуроры                              А. Дауылбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады