Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 203 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 қарашада № 9899 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 137 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 137 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, бірақ 2014 жылғы 21 қарашадан ерте емес.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов


  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 203 қаулысымен
бекітілді

Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға
қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының
өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидалары

      1. Осы Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің келісім беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" 1995 жылғы 30 наурыздағы, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы (бұдан әрі – Банктер туралы заң), "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы (бұдан әрі – Сақтандыру қызметі туралы заң), "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі (бұдан әрі – Бағалы қағаздар нарығы туралы заң), "Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі, "Микроқаржы ұйымдары туралы" 2012 жылғы 26 қарашадағы (бұдан әрі – Микроқаржы ұйымдары туралы заң) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді және Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім беру (бұдан әрі – Келісім) тәртібін белгілейді.

      2. Қаржы өнімдері қаржылық қызметтерді тұтынушыларға қаржы ұйымы Банктер туралы заңның 31-1-бабының 1-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 31-1-бабының 1-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 31-1-бабының 1-тармағында, сондай-ақ Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес алған Келісім болған кезде ұсынылады.

      3. Микрокредиттер микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушыларға микроқаржы ұйымы Микроқаржы ұйымдары туралы заңның 31-1-бабының 1-тармағында, сондай-ақ Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес алған Келісім болған кезе ұсынылады.

      4. Келісім алу үшін қаржы ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Келісім беру туралы еркін нысанда жасалған және қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы немесе жауапты орындаушының байланыс деректерін (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, телефондары мен электрондық почта мекенжайын) және қосымшадағы парақтар санын көрсете отырып, оның уәкілеттік берген адамы қол қойған өтінішті;

      2) қаржы ұйымының уәкілетті органының қаржы өнімін беру туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;

      3) қаржы ұйымының уәкілетті органы бекіткен қаржы өнімін беру туралы шарттың үлгі нысанын;

      4) қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы уәкілеттік берген адамның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжатты.

      5. Келісім алу үшін микроқаржы ұйымы уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) Келісім беру туралы еркін нысанда жасалған және қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы немесе микроқаржы ұйымының бизнес-сәйкестендіру нөмірін, жауапты орындаушының байланыс деректерін (тегін, атын, бар болса - әкесінің атын, телефондары мен электрондық почта мекенжайын) және қосымшадағы парақтар санын көрсете отырып, оның уәкілеттік берген адамы қол қойған өтінішті;

      2) микроқаржы ұйымының уәкілетті органының микрокредит беру туралы шарттың үлгі нысанын бекіту туралы шешімінің үзінді-көшірмесін;

      3) микроқаржы ұйымының уәкілетті органы бекіткен микрокредит беру туралы шарттың үлгі нысанын;

      4) қаржы ұйымының атқарушы органының бірінші басшысы уәкілеттік берген адамның осы тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген өтінішке қол қоюға өкілеттігін растайтын құжатты.

      6. Ереженің 4, 5-тармақтарында атап көрсетілген, бірнеше парақтардан тұратын құжаттар нөмірленген, тігілген және соңғы парақтың екінші бетінде тігілім шетіне желімделген парақтардың саны көрсетіліп, ішінара жапсырманың үстіне қаржы (микроқаржы) ұйымының мөрімен расталған күйінде ұсынылады.

      7. Уәкілетті орган қаржы (микроқаржы) ұйымы Келісімді алу үшін ұсынған құжаттарды Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көрсетілген құжаттардың пакеті уәкілетті органға келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды.

      8. Уәкілетті орган қаржы (микроқаржы) ұйымы Келісімді алу үшін ұсынған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша Келісімді Қағидалардың 1, 2-қосымшаларына сәйкес нысанда береді.

      9. Келісімді алғаннан кейін қаржы өнімін (микрокредитті) беру туралы шарттың үлгі нысанына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда қаржы (микроқаржы) ұйымына төмендегі жағдайларды қоспағанда, Қағидалармен көзделген тәртіппен Келісімді қайтадан алу талап етіледі:

      1) қаржы өнімін (микрокредитті) беру туралы шарттың үлгі нысанын Қазақстан Республикасының заңнама талаптарына сәйкес келтіру;

      2) қаржы (микроқаржы) ұйымының деректемелерін (орналасқан жері, почта мекенжайы, банктік деректемелер) өзгерту.

      10. Егер қаржы (микроқаржы) ұйымының уәкілетті органы осы бойынша бұдан бұрын осы Қағидалармен көзделген тәртіппен Келісім алынған, қаржы өнімін (микрокредитті) беру туралы шарттың үлгі нысанын пайдаланумен жаңа қаржы өнімін (микрокредитті) бекітсе, Келісімді алу талап етілмейді.

      11. Уәкілетті орган Банктер туралы заңның 31-1-бабының 3-тармағында, Сақтандыру қызметі туралы заңның 31-1-бабының 3-тармағында, Бағалы қағаздар нарығы туралы заңның 31-1-бабының 3-тармағында, Микроқаржы ұйымдары туралы заңның 31-1-бабының 3-тармағында белгіленген негіздер бойынша мынадай мерзімдерде:

      1) Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көзделген құжаттардың толық емес пакеті ұсынылған жағдайда, уәкілетті органға құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде;

      2) ұсынылған құжаттар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға Қағидалардың 4, 5-тармақтарында көрсетілген құжаттар пакеті келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде Келісім беруден дәлелді бас тартады.

  Қаржы ұйымдарының қаржылық
қызметтерді тұтынушыларға қаржы
өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы
ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына
микрокредиттерді ұсынуы үшін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің келісім беру
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Қаржы ұйымдарының қаржылық қызметті тұтынушыларға қаржы
өнімдерін ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
келісім беруі

      20__ жылғы "____"__________ №_____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (қаржы ұйымының толық атауы және орналасқан жері)

      қаржылық қызметті тұтынушыларға қаржы өнімін ұсыну үшін

      _____________________________________________________________________

      (қаржы өнімінің атауы)

      келісім береді.

      Уәкілетті органның

      басшысы (қолы)

      (басшының орынбасары)

      (мөр орны)

  Қаржы ұйымдарының қаржылық
қызметтерді тұтынушыларға қаржы
өнімдерін, сондай-ақ микроқаржы
ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына
микрокредиттерді ұсынуы үшін
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің келісім беру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Микроқаржы ұйымдарының өздерінің тұтынушыларына
микрокредиттерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің келісім беруі

      20__ жылғы "____"__________ №_____

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (микроқаржы ұйымының толық атауы және орналасқан жері)

      тұтынушыларға микрокредитті ұсыну үшін

      _____________________________________________________________________

      (қаржы өнімінің атауы)

      келісім береді.

      Уәкілетті органның

      басшысы (қолы)

      (басшының орынбасары)

      (мөр орны)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады