Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 253 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 ақпанда № 10237 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 126 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 шілдедегі № 66 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4360 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сыртқы басқарушыларды таңдау ережесінде:
      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Жалпы ережелер»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ереже «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры (бұдан әрі - Қор) активтерінің бір бөлігін шетелдік банктердің және активтерді басқару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруына берудің жалпы тәртібі мен талаптарын реттейді.»;
      2-1-тармақта:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) активтерді активтік басқару - кірістілік ауытқуы мәнінің (tracking error) пайыздық шегі 0.5 пайыздан (нөл бүтін оннан бес) асуына жол берілетін басқару түрі;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) уәкілетті бөлімше - Ұлттық Банктің Монетарлық операциялар және активтерді басқару департаменті.»;
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Сыртқы және сыртқы транзиттік басқарудың негізгі талаптары»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Бір сыртқы басқарушыға сыртқы басқаруға берілетін Қордың жалпы рұқсат етілген көлемі Қордың жинақ портфелінің 10 пайызынан аспайды.»;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Шешім қабылдау және Қордың активтерін сыртқы немесе сыртқы транзиттік басқаруға беру тәртібі»;
      19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы Ереженің 19-1 және 19-2-тармақтарында белгіленген критерийлерді қанағаттандырмайтын компания Ұлттық Банк Басқармасының шешімі бойынша сыртқы басқарушы ретінде бекітіледі.»;
      19-1 және 19-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «19-1. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан асатын мандаттар үшін міндетті критерийлер:
      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 10 (он) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 5 (бес) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушының басқаруында клиенттердің кемінде 25 (жиырма бес) миллиард АҚШ доллары баламасындағы жиынтық активтерінің (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болуы;
      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда қарастырылып отырған мандат түрі бойынша клиенттердің жиынтық активтері 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
      19-2. Активтердің бір сыртқы басқарушыға берілетін активтерінің көлемі 300 (үш жүз) миллион АҚШ доллары баламасынан аспайтын мамандандырылған мандаттар үшін міндетті критерийлер:
      1) Қордың активтерін инвестициялау болжанатын қаржы құралдарымен кемінде 5 (бес) жыл жұмыс тәжірибесінің, оның кемінде 3 (үш) жылы мандаттың жарияланған түрі бойынша жұмыс тәжірибесінің болуы.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;
      2) басқарудағы активтердің мөлшері: басқаруында клиенттердің  жиынтық активтерінің мөлшері кемінде 1 (бір) миллиард АҚШ доллары  болуы тиіс баламалы құралдар мандаттары бойынша сыртқы басқарушыларды қоспағанда, сыртқы басқарушының басқаруында баламасы 3(үш) миллиард АҚШ долларынан кем емес клиенттердің жиынтық активтері (оның ішінде консультациялық қызмет көрсетудегі) болады;
      3) қарастырылып отырған мандат түрі бойынша басқарудағы активтердің мөлшері: сыртқы басқарушыда мандаттың қарастырылып отырған түрі бойынша 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан  кем емес клиенттердің жиынтық активтері болады.
      Егер ауқымды мандат бойынша сыртқы басқарушыны таңдау бойынша тендер жарияланса, ал тендер қатысушысының басқаруында осыған ұқсас аймақтық мандаттар ғана болса, онда ауқымды мандаттың кемінде 75 (жетпіс бес) пайызын қамтуды құрайтын аймақтық мандаттар бойынша кемінде 150 (бір жүз елу) миллион АҚШ доллары баламасынан кем болмайды.
      Мамандандырылған мандат қолданыла бастағаннан кейін бір сыртқы басқарушыға оның басқару нәтижелері бойынша 300 (үш жүз) миллион АҚШ долларынан асатын, бірақ осы Ереженің 12-тармағында көрсетілген шектеуден аспайтын мөлшердегі активтер беріледі.»;
      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Қажет болған кезде уәкілетті бөлімше сыртқы басқарушының басқару нәтижелері және сапасы туралы сұрату жасай отырып, оның клиенттеріне өтініш жасайды.»;
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Активтерді сыртқы басқаруға беру кезінде активтерді бір түрден басқасына аудару бойынша өтпелі кезең (transition period) ескеріледі. Өтпелі кезеңнің ұзақтығы 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайды.»;
      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «31. Активтерді сыртқы басқаруға беру туралы келісімнің талаптары және шектеулер Ұлттық Банктің Қордың инвестициялық операцияларын жүзеге асыру шеңберінде белгіленген талаптары мен шектеулеріне сәйкес айқындалады.»;
      6-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Сыртқы басқару нәтижелері және мониторинг».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                            Қ. Келімбетов

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      ____________ (___________)
      2015 жылы 13 қаңтардағы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады