"Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 169 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 шілдеде № 3600 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 262 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 14.09.2015 № 262 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары М. Ш. Кәрімовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Н. Ноғаев

  2014 жылғы 1 шілдедегі № 169
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

"Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында
және құрамында түстi және (немесе)
қара металл сынықтары және (немесе)
қалдықтары болған мүлiктiк кешендi
сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi
және қара металл сынықтары мен қалдықтарын
өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда,
заңды тұлғалардың түстi және қара металл
сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу
жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға
лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 155 "Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi өнеркәсiп және экспорттық бақылау саласында көрсететін мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Өнiмнiң транзитiне рұқсат беру ережесiн бекiту туралы" 2008 жылғы 11 ақпандағы № 130 және "Импорттаушылардың (түпкі пайдаланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 12 наурыздағы № 244 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы" қаулысымен бекітілген "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
      (бұдан әрі - Стандарт) негізінде жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет "Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Х.Чурин көшесі, 116 мекенжайы бойынша, соның ішінде "электрондық үкiметтің" www.egov.kz веб-порталы немесе "Е–лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталы
      (бұдан әрi – портал) арқылы көрсетіледі.
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрiнде.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы немесе Стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайларда және негiздер бойынша мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрiнде.
      Мемлекеттiк көрсетілетін қызмет заңды тұлғаларға
      (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) ақылы түрде көрсетiледi.
      Мемлекеттiк қызмет көрсету кезiнде көрсетiлетiн қызметтi алушының орналасқан жері бойынша бюджетке жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығына лицензиялық алым төленедi:
      1) аталған қызмет түрiмен айналысу құқығына лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК) құрайды;
      2) лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10% құрайды, бiрақ 4 АЕК-тен аспайды;
      3) лицензияның телнұсқасын беру – лицензия беру кезіндегі ставканың 100% құрайды.
      Лицензиялық алымды төлеу қолма-қол және қолма-қол емес нысанда екінші деңгейдегі банктер және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алуға электрондық сұраныс берілген жағдайда төлем "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде көрсетілетін қызметті
берушінің құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға Стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын (бұдан әрі - құжаттар) қоса, Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес заңды тұлға үшін белгiленген үлгiдегi өтiнiш, еркін нысанды өтiнiш, көрсетiлетiн қызметтi алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраныс негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы және нәтижесі:
      лицензияны беру және қайта ресімдеу кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
      Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
      Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 13 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және лицензияны, қайта рәсімдеуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
      Нәтижесі – лицензияны, қайта рәсімдеуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 жұмыс күні ішінде лицензияны, қайта рәсімдеуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.
      Нәтижесі – қол қойылған лицензияны, қайта рәсімдеуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минут ішінде қол қойылған лицензияны, қайта рәсімдеуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны, қайта рәсімдеуді немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.
      лицензияның телнұсқасын беру кезінде:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды тапсырған кезден бастап 15 минут ішінде оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады.
      Нәтижесі – құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қоюға жолдайды;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде құжаттармен танысады және мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын белгілейді.
      Нәтижесі – мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарды көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 1 жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды, құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады және лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындайды.
      Нәтижесі – лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;
      4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 4 сағат ішінде лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты қарайды және қол қояды.
      Нәтижесі – қол қойылған лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жолдайды;
      5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы 15 минут ішінде қол қойылған лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін береді.
      Нәтижесі – көрсетілетін қызметті алушыға лицензияның телнұсқасын немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты береді.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде
көрсетілетін қызмет берушінің
құрылымдық бөлімшелерінің
(қызметкерлерінің) өзара
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      6. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе маманы;
      2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
      7. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi барысында және құрамында түстi және (немесе) қара металл сынықтары және (немесе) қалдықтары болған мүлiктiк кешендi сатып алу нәтижесiнде пайда болған түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын өткiзу жөнiндегi қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың түстi және қара металл сынықтары мен қалдықтарын жинау (дайындау), сақтау, өңдеу және лицензиаттарға өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу, лицензияның телнұсқаларын беру" Регламентінің (бұдан әрі - Регламент) 1-қосымшасына сәйкес блок-схемамен сүйемелденеді.

4. Халыққа қызмет көрсету орталығымен
және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті
берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін,
сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету
процесінде ақпараттық жүйелерді
пайдалану тәртібін сипаттау

      8. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілмейді.
      9. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет портал арқылы көрсетілген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі және рәсімдердің (іс-қимылдардың) тәртібін сипаттау:
      1) көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің ЭЦҚ тіркеу куәлігінің көмегімен порталда тіркелуді жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
      2) 1 - процесс - көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушының парольді порталға енгізу процесі (авторизациялау процесі);
      3) 1-шарт – логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі
      (бұдан әрі - БСН) және пароль арқылы порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
      4) 2 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      5) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының Регламентте көрсетілген мемлекеттік қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының оның құрылымы мен нысандық талаптары есебімен электрондық түрдегі қажетті құжаттарды сұраныс нысанына бекіту арқылы нысанды толтыруы (мәліметтерді енгізу);
      6) 4 - процесс – мемлекеттік қызметтерді ЭҮТШ-та төлеу, одан кейін бұл ақпарат "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ) түседі;
      7) 2-шарт - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем төлегенін тексеру;
      8) 5 - процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлемдердің болмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      9) 6 - процесс – сұранысты куәландыру (қол қою) үшін көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
      10) 3-шарт – порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және кері қайтарылған (жойылған) тіркеу куәліктердің тізімінде жоқтығын, сондай-ақ сұраныста көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасында сәйкестендіру мәліметтерінің сәйкестігін тексеру;
      11) 7 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сының нақтылығы расталмауына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 8 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге сұраныстың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) куәландыру (қол қою);
      13) 9 - процесс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұранысы) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да сұранысты өңдеу;
      14) 4-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
      15) 10 - процесс – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      16) 11 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижелерін (электрондық лицензия) алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы қалыптастырылады.
      10. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған графикалық нысандағы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы Регламенттің 2-қосымшасында көрсетілген.
      11. Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының өтініш білдіру тәртібін және рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
      1) 1- процесс – мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының логин мен парольді "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-ға енгізуі;
      2) 1-шарт – "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да логин және пароль арқылы көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің нақтылығын тексеру;
      3) 2-процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      4) 3 - процесс – көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының Регламентте мемлекеттік көрсетілген қызметті таңдауы, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұраныс нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының сенімхат бойынша өкілінің деректерін (нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда, сенімхат басқалай куәландырылған жағдайда - сенімхат деректері толтырылмайды) енгізуі;
      5) 4 - процесс – "электрондық үкіметтің" шлюзі
      (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорына (бұдан әрі - ЗТ МДҚ) көрсетілетін қызметті алушы туралы сұраныс жіберу;
      6) 2-шарт – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің, БНАЖ-да сенімхат деректерінің барын тексеру;
      7) 5 - процесс – ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушы деректерінің жоқ болуына байланысты деректерді алудың мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
      8) 6 - процесс - көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының қағаз түріндегі құжаттардың болуы туралы белгісі бөлігінде сұраныс нысанын толтыруы және көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі;
      9) 7 - процесс – сұранысты "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да тіркеу және "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да мемлекеттік қызметтерді өңдеу;
      10) 3-шарт – көрсетілетін қызметті берушінің лицензия беру үшін көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына және негіздерге сәйкестігін тексеруі;
      11) 8 - процесс - "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтардың болуына байланысты сұратылған мемлекеттік қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
      12) 9 - процесс – көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау" МДҚ АЖ-да қалыптастырылған мемлекеттік қызмет нәтижелерін алуы. Электрондық құжат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдалану арқылы жасақталады.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы Регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
      13. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану Стандарттың 3 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.

  "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi
барысында және құрамында түстi
және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе)
қалдықтары болған мүлiктiк
кешендi сатып алу нәтижесiнде
пайда болған түстi және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын өткiзу жөнiндегi
қызметтi қоспағанда, заңды
тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
1-қосымша

Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың)
ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық
бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы
рәсімдердің (іс-қимылдардың)
реттілігін сипаттау
блок-схемасы

      


  "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi
барысында және құрамында түстi
және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе)
қалдықтары болған мүлiктiк
кешендi сатып алу нәтижесiнде
пайда болған түстi және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын өткiзу жөнiндегi
қызметтi қоспағанда, заңды
тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша

Портал арқылы мемлекеттік қызмет
көрсетуге тартылған ақпараттық
жүйелердің функционалдық
өзара іс-қимыл
диаграммасы

      


  "Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi
барысында және құрамында түстi
және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе)
қалдықтары болған мүлiктiк
кешендi сатып алу нәтижесiнде
пайда болған түстi және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын өткiзу жөнiндегi
қызметтi қоспағанда, заңды
тұлғалардың түстi және қара
металл сынықтары мен
қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта
ресiмдеу, лицензияның
телнұсқаларын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы
"Заңды тұлғаларда өз өндiрiсi
барысында және құрамында
түстi және (немесе) қара металл
сынықтары және (немесе) қалдықтары
болған мүлiктiк кешендi сатып алу
нәтижесiнде пайда болған түстi
және қара металл сынықтары мен
қалдықтарын өткiзу жөнiндегi
қызметтi қоспағанда, заңды тұлғалардың
түстi және қара металл сынықтары
мен қалдықтарын жинау (дайындау),
сақтау, өңдеу және лицензиаттарға
өткiзу жөніндегі қызметтi жүзеге
асыруға лицензия беру, қайта ресiмдеу,
лицензияның телнұсқаларын беру"

      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады