«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, Зеленов ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 810 және Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 қазандағы № 28-2 «Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылын тарату туралы» бірлескен қаулысы және шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметный ауылдық округінің Усихин ауылы таратылсын.
2.
Облыстық мәслихат аппаратының басшысы (А. Сұлтанов) осы қаулы мен шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3.
Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Н. Ноғаев |