Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 100 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы № 280 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 14 қарашада № 3687 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 7 шілдедегі № 162 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің  07.07.2015 № 162 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы" 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің  бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 4 мамырдағы № 100 "Батыс Қазақстан облысы бойынша мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3557 тіркелген, 2014 жылғы 21, 26 маусымда "Орал өңірі" және "Приуралье" газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      1) аталған қаулымен бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
      2) аталған қаулымен бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын;
      3) аталған қаулымен бекітілген "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті мынадай мазмұндағы 11-тармақпен толықтырылсын:
      "11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдері (іс-қимылдары) мен өзара іс-қимылдары реттілігінің толық сипаттамасы осы регламенттің 3-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
      4) аталған қаулымен бекітілген "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 3-қосымшамен толықтырылсын.
      2. "Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Д. А. Құсайынов) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Б. М. Мәкенге жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Н. Ноғаев

2014 жылғы 28 қазандағы № 280
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына 1-қосымша

"Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін
бекіту туралы"
қаулысына 3-қосымша

"Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру"
мемлекеттік қызмет көрсетудің
бизнес-процестерінің анықтамалығы

2014 жылғы 28 қазандағы № 280
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің
қаулысына 2-қосымша

"Жергілікті маңызы бар тарих және
мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізуге келісім беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентін
бекіту туралы"
қаулысына 3-қосымша

"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады