Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 298 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 желтоқсанда № 3700 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 9 ақпандағы № 24 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 09.02.2016 № 24 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.
      2. Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (Р. Б. Бектемір) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. 2009 жылғы 26 мамырдағы № 147 "Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3025 тіркелген, 2009 жылғы 11 маусымдағы "Орал өңірі" газетінде жарияланған) Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қаулысының күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары С. Ж. Шапкеновке жүктелсін.
      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімінің
міндетін атқарушы
А. Бадашев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Батыс Қазақстан облыстық
мәслихатының хатшысы
_________________ М. Құлшар
24.11.2014 ж.

  2014 жылғы 11 қарашадағы № 298
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысына
қосымша

1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн
денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындар басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа).
      2. Бөлімше, бөлім, станса, бөлімше (бөлім) секторы, филиал, орталық, сүтхана басшысы және басшының орынбасары, дәріхана меңгерушiсi, зертхана меңгерушiсi.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы дәрігерлер, провизор, барлық атаудағы медициналық бике, маманданған медициналық бике, акушер, емдәм бикесі, тіс дәрiгерi, тіс технигi, статистик, барлық атаудағы медициналық зертханашы, рентгензертханашы, фармацевт, барлық атаудағы фельдшер, барлық атаудағы мамандардың ассистенті (көмекшісі), медициналық көмекшісі, медициналық тіркеуші, шаруашылық бике, дезинфектор, емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандықтағы мұғалімдер, психолог, медициналық тәрбиеші, дәрігер-әдіскер, әлеуметтік қызметкер, оңалту жөніндегі нұсқаушы.

2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтік қамсыздандыру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      4. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары, басшының оқу-тәрбиелік бөлімі жөніндегі орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа), медициналық бөлім меңгерушiсi.
      5. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы оқытушылар мен дәрігерлер, емдәм бикесі, тіс дәрiгерi, тіс технигі, фельдшер, дәріхана меңгерушісі, фармацевт, мамандандырылған медициналық бике, барлық атаудағы медициналық бике, медициналық бикенің көмекшісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант), музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, әдіскер, дезинфектор, қимыл жөніндегі маман, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, еңбек жөніндегі инспектор (нұсқаушы), жұмысшылар даярлау жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог мұғалім (арнайы педагог), сенсорлық дағдыларды дамыту жөніндегі дефектолог мұғалім (арнайы педагог), кітапханашы, тәрбиеші.

3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн
білім беру мамандары лауазымдарының тiзбесi

      6. Директор, директордың орынбасары (директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасарынан басқа), мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, психология-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, лагерь бастығы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, филиал меңгерушісі, оқу шеберханасының меңгерушісі, консультациялық пункттің меңгерушісі, бөлімше меңгерушісі, интернат меңгерушісі, бөлім меңгерушісі (кадрлар бөлімінің меңгерушісінен басқа), кітапхана меңгерушісі.
      7. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер мен оқытушылар, психолог-педагог, сурдопедагог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, әдіскер, аға тәрбиеші, тәрбиеші, музыкалық жетекші, ұйымдастырушы-педагог, қосымша білім беретін педагог, (емдік) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, аға жетекші, жетекші, аға шебер, өндірістік оқыту шебері, көркемдік жетекші, еңбек жөніндегі нұсқаушы, жаттықтырушы-оқытушы, туризм жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандықтағы дәрігерлер, орта медициналық қызметкер, кітапханашы, суретші, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатр, хореограф.

4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн
мәдениет мамандары лауазымдарының тiзбесi

      8. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (басшының шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа), құрылымдық бөлімшенің басшысы, бөлім меңгерушісі.
      9. Мамандар: қорлардың бас сақтаушысы, қорлар сақтаушысы, бас ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, қорлар бойынша мұрағатшы, экскурсовод, экспозиция және көрмелер ұйымдастыру жөніндегі маман, өнер зерттеушісі, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, аккомпаниатор, дыбыс режиссері, өңдеуші, кинобейнепроекциялық құрылғының басқару пультінің операторы, кинобейнетехникалық жабдық техник-механигі, автоклуб (бейнекөлік) меңгерушісі, мәдени ұйымдастырушы, мәдени-демалыс қызметі және көркем өнерпаздықты дамыту маманы, балалармен жұмыс істеу жөніндегі маман, концертмейстер, көркемдік жетекші, библиограф, кітапханашы, редактор, суретші, әдіскер.

5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс iстейтiн
спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi

      10. Қазыналық кәсіпорын басшысы және басшының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарларынан басқа).
      11. Мамандар: нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы, бас жаттықтырушы, дәрігер, медициналық бике.

6. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауылдық жерлерде жұмыс істейтін
ветеринария саласы мамандары лауазымдарының тізбесі

      12. Мамандар: ветеринариялық дәрігер, ветеринариялық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады