Ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2009 жылғы 26 мамырдағы N 147 қаулысы. Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2009 жылғы 4 маусымда N 3025 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 298 қаулысымен

      Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 11.11.2014 № 298 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiн, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңын басшылыққа ала отырып, Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 12-8 "Батыс Қазақстан облысындағы ауылдық (селолық) жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тізбесі туралы" шешіміне сәйкес облыс әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, ауылдық (селолық) жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт мамандары лауазымдарының тiзбесi қосымшадағыға сәйкес анықталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi және 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Н. А. Ноғаевқа жүктелсiн.

      Облыс әкiмi

2009 жылғы 26 мамырдағы N 147
Батыс Қазақстан облысы
әкiмдiгiнiң қаулысына
ҚОСЫМША

1. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
денсаулық сақтау мамандары лауазымдарының
тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындар басшысы және басшының орынбасары (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа).
      2. Бөлімше, бөлім, станса, бөлiмше (бөлім) секторы, филиал, орталық, сүтхана басшысы және басшының орынбасары, дәрiхана меңгерушiсi, зертхана меңгерушiсi.
      3. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы дәрiгерлер, провизор, барлық атаудағы медбике, маманданған медбике, акушер, емдәм бикесi, тіс дәрiгерi, тiс технигi, дантист, медициналық статистик, барлық атаудағы медициналық зертханашы, рентгензертханашы, фармацевт, фельдшер, барлық атаудағы ассистент (көмекші) маманы, медбикенің көмекшісі, медициналық тіркеуші, қожайын-бике, дезинфекциялық жұмыс, емдік дене шынықтыру, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандықтағы мұғалімдер, психолог, тәрбиеші.

2. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтік қамсыздандыру мамандары
лауазымдарының тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары, басшының оқу-тәрбиелік бөлімі жөніндегі орынбасары, (басшының экономикалық, қаржылық және әкімшілік шаруашылық мәселелері бойынша орынбасарынан басқа); медициналық бөлім меңгерушiсi.
      2. Мамандар (бас, аға): барлық мамандықтағы оқытушылар мен дәрiгерлер, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, тiс технигi, фельдшер, дәріхана меңгерушісі, фармацевт, мамандандырылған медбике (мейірбике), барлық атаудағы медбике, медбикенің көмекшісі, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман (консультант), музыкалық жетекші, мәдени ұйымдастырушы (аккомпаниатор), зертханашы, әдіскер, дезинфектор, қимыл жөніндегі маман, емдік дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, еңбек жөніндегі инспектор (нұсқаушы), жұмысшылар даярлау жөніндегі нұсқаушы, психолог, логопед, дефектолог мұғалім (арнайы мұғалім), сенсорлық дағдыларды дамыту жөніндегі дефектолог мұғалімі (арнайы мұғалім), кітапханашы, тәрбиеші.

3. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
білім беру мамандары лауазымдарының
тiзбесi

      1. Директор, директордың орынбасары (директордың шаруашылық жұмыс жөніндегі орынбасарынан басқа), мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі, психология-педагогикалық түзету кабинетінің меңгерушісі, лагерь бастығы, әдістемелік кабинеттің меңгерушісі, филиал меңгерушісі, оқу-өндірістік меңгерушісі, консультациялық пункттің меңгерушісі, бөлімше меңгерушісі, интернат меңгерушісі, бөлім меңгерушісі (кадрлар бөлімінің меңгерушісінен басқа), кітапхана меңгерушісі.
      2. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен оқытушылар, психилог-педагог, сурдопедагог, логопед, дефектолог, тифлопедагог, әлеуметтік педагог, әдiскер, аға тәрбиешi, тәрбиешi, музыкалық жетекшi, ұйымдастырушы-педагог, қосымша білім беретін педагог, (емдік) дене шынықтыру жөніндегі нұсқаушы, аға вожатый, вожатый, аға шебер, өндірістік оқыту шебері, көркемдік жетекші, еңбек жөніндегі нұсқаушы, бапкер-оқытушы, туризм жөніндегі нұсқаушы, барлық мамандықтағы дәрiгерлер, орта медициналық қызметкер, кітапханашы, суретші, балетмейстер, хормейстер, дирижер, аккомпаниатр, хореограф.

4. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
мәдениет мамандары лауазымдарының
тiзбесi

      1. Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары (басшының шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа) бөлімше құрылымының басшысы, бөлім меңгерушісі.
      2. Мамандар: бас қор сақтаушысы, қор сақтаушы, бас ғылыми қызметкер, ғылыми қызметкер, кіші ғылыми қызметкер, қорлар бойынша мұрағатшы, экскурсовод, экспозиция және көрмелер ұйымдастыру жөніндегі маман, өнер зерттеуші, режиссер, дирижер, хормейстер, балетмейстер, аккомпаниатор, дыбыс режиссері, өңдеуші, кинобейнепроекциялық құрылғының басқару пультінің операторы, кинобейнетехникалық жабдық техник-механигі, автоклуб (бейнекөлік) меңгерушісі, мәдени ұйымдастырушы, көркем өнерпаздықты дамыту және мәдени-демалыс қызметі, балалармен жұмыс істеу жөніндегі маман, концертмейстер, көркемдік жетекші, библиограф, кiтапханашы, редактор, суретші, әдiскер.

5. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын
ауылдық (селолық) жерлерде жұмыс iстейтiн
спорт мамандары лауазымдарының
тiзбесi

      1. Қазыналық кәсiпорын басшысы және басшының орынбасары (басшының әкімшілік-шаруашылық мәселелер бойынша орынбасарларынан басқа).
      2. Мамандар: нұсқаушы, әдіскер, бас жаттықтырушы, жаттықтырушы, дәрігер, медбике.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады