Орал қаласының аумағында үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 5 қыркүйектегі № 2350 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 қыркүйекте № 3632 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Орал қалалық (аумақтық) сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, қосымшаға сәйкес Орал қаласының аумағында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгіленсін.
      2. Зачаган, Круглоозерный кенттік округі және Желаев селолық округі әкімдері, «Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі үгіттік баспа материалдарын орналастыратын орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қ. Сатыбалдиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                       А. Көлгінов

      «КЕЛIСIЛДI»

      Орал қалалық (аумақтық)
      сайлаукомиссиясының төрайымы
      _____________А. Ә. Төкешева
      05.09.2014 ж.

Орал қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 5 қыркүйек
№ 2350 қаулысына қосымша

Орал қаласының аумағында
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
депутаттығына барлық кандидаттар
үшін үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

Елді мекен атауы

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

1

Орал қаласы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны ғимаратының алдында

2

Орал қаласының Деркул ауылы

«Электрод» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ғимаратының алдында

3

Орал қаласының Круглоозерный кенті

«Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

4

Орал қаласының Желаев кенті

«№ 14 орта жалпы білім беретін мектеп» мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында

5

Орал қаласы

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамының филиалы - Батыс Қазақстан облыстық телекоммуникация дирекциясы ғимаратының алдында

6

Орал қаласы

В. Чапаев алаңында

7

Орал қаласы

Орал қаласындағы «Oil Real Estate» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі филиалының «Орал» сауда ойын -сауық кешені ғимаратының алдында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады